Бүгін: 16 қазан 2018 жыл, (15:11)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

Мемлекеттік қызметтің имиджі

«Нұр Отан» ХДП республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен.

«Нұр Отан» ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумында мемлекеттік қызметшінің төмендегі сегіз этикалық нормаларын атап көрсетті:

1. Ол (яғни мемлекеттік қызметші) өкілеттік пен билікті басқара білу қажет және ол кезде өзі де адал болу керек.

2. Мемлекеттік қызметте өзінің жеке басының пайдасы үшін емес мемлекеттің мүддесі үшін қызмет атқару керек, мемлекеттің мүлкін жеке қалтасымен шатастырмау қажет.

3. Шенеунік өмір бойы мемлекеттік қызметте жүрсе де, бір жанұя 5 шет ел көліктерімен жүретінін, өзінің зәулім үйлерін, оның үлкен қоршауларын суретке түсіртуден қорықпай қайдан келгенін түсіндіре білуі және «Немен күн көріп отырсың?» - деген сұраққа қорықпай жауап беру керек. Ол осы сұрақтарға жауап беруге міндетті немесе қызметтен кету керек. Ал біз осы күні не істеп отырмыз?

4. Толық түсіністікпен заң талаптарын сақтай отырып өмір сүру маңызды.

5. Қай қызметте, қай лауазымда, қандай жағдайда болса да халықтың, еліміздің азаматтарының сенімін жоғалтпай қызмет атқаруы қажет.

6. Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері әділдіктің, кішіпейілдіктің үлгісі болып адамдар арасында өзін тәрбиелі ұстай білу керек.

7. Ұжымды басқарудан бұрын өзі бағынуды үйрену керек, өзінің қызметшілерінен талап ететінді өзі орындай білуі қажет.

8. Мемлекет мүддесіне немесе сыбайлас жемқорлық сипаттары дайындалып жатқандығын көрсе жедел арада араласып оны болдырмаудың жолдарын жасауы қажетдеген қағидаларды қатаң ұстану қажет. Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл тек бөлігі ғана болып келеді.

Біз мемлекеттік қызметке және билікке тек мен белгілеген этикалық ережені қатал түрде орындайтын адамдарды ғана тәрбиелеп, алуымыз керек.

Отанымыздың гүлденуіне барын жасайтындар, еліміздің адал патриоты болып келеді.

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62