Бүгін: 17 тамыз 2018 жыл, (23:54)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

Мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.

Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет түсетін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;
2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;
3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеуді ұйымдастыру және бағдарламалары және қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді.
«Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарына кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу (заңнаманы білуге арналған тестілеу) Ережесіне сәйкес тестілеу үш бағдарламадан тұрады.

Бірінші бағдарлама: 10 Заң, 130 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (145 сұрақ) 102 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ);
2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ);
3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ);
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ);
5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ);
6. «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ);
7. «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ);
8. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ);
10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ).

Екінші бағдарлама: 9 Заң, 105 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (130 сұрақ) 78 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ);
2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ);
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ);
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ);
5. «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ);
6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ);
8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ);
9. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ).

Үшінші бағдарлама: 7 Заң, 85 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (100 сұрақ) 50 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ);
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ);
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ);
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ);
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ);
6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ);
7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ);
8. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ).

Заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту барысында шекті мәннен жоғары нәтижелер алған кандидат 20 минуттың ішінде автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне жіберіледі.

Автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау шеңберінде кандидаттардың даму деңгейлері анықталады: жігерлілігі, коммуникативтілігі, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мінез-құлқы, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздығы.

Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша – қорытынды беріледі.

Олар бір жыл ішінде қолданылады және мемлекеттік органдармен әңгімелесу нысанында өткізілетін үшінші сатыға – жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62