Бүгін: 27 мамыр 2017 жыл, (04:36)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Әкім

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен Арал ауданы әкімі қызметіне Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды.

Оразбаев Мұхтар Әуесұлы еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 1997-1999 жылдары «Көл» акционерлік қоғамының бас инженері, 2000-2002 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маманы, 2002-2005 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, 2005-2006 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2006-2012 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы болса, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Айта кетейік, бұған дейін Арал ауданы әкімінің қызметін атқарып келген Абзал Сансызбайұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

 

 

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62