Бүгін: 19 қараша 2018 жыл, (03:47)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

Жұмыс регламенті

Арал ауданы әкімдігінің
2012 жылғы «29» қарашадағы
№ 251 қаулысымен  бекітілген.

«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.  «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120100, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Мектеп көшесі, 33 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Аудан әкімдігі мен аудан әкімінің тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты жүзеге асыруға байланысты қызметін қамтамасыз ету, электронды әкімдіктің инфрақұрылымының дамуына қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік электрондық қызметтерді дамыту.
«Қазақстан – 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына және облыс әкімінің өңірдің бес бағыт бойынша дамуын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуын жақсартуға жұмыстар атқару.   
14. Міндеттері:
1) әкімдік және аудан әкімінің жұмысын ақпараттық-талдамалық, құқықтық-ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) өз құзыретінің шегінде аудан әкімдігінің Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
3) әкімдік және аудан әкімінің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету мен қызмет ету,   іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу;
4) аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін мәселелердің тоқсандық тізбесін дайындауды ұйымдастыру;
5) аудан әкімінде, оның орынбасарларында өтетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыстардың материалдарын, хаттамаларын рәсімдеу және тарату;
6) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары бойынша әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
7) әкімдік қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін шығару, оларды тарату және сақтау.
15. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі» Жарлығына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органдарында кадр саясаты мәселелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, әкімдік  және аудан әкімінің бағытын жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
2) аппарат кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауын ұйымдастыру, оның қызметкерлерін аттестациялау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын орындаудағы, аудан экономикасын тұрақтандыру мен көтеруге, әлеуметтік ахуалды жақсартуға, нарықтық қатынастарды, шағын кәсіпкерлікті, меншіктің барлық түрлерін дамытуға жағдай жасаудағы, аудандық бағдарламаларын жүзеге асырудағы қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің, басқа жергілікті мемлекеттік басқару органдардың жұмыс тәжірибесін зерттеу мен жинақтау;
4) аудан әкімдігі мен әкімге және оның орынбасарларына, қала, кент және ауылдық округтердің, ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын сипаттайтын материалдар, сондай-ақ  аудан әкімінің тапсырмалары бойынша басқа да ақпарат дайындау;
5) аудан әкімінің және оның орынбасарларының өткізетін кездесулерін, ресми сапарларын, басқа да шараларын ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастыру, кеңестік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
6) аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету;
7) аудан әкімінің іс-қимыл бағдарламасы мен аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің, аудан әкімінің актілерін, оның тапсырмаларының орындалу барысы туралы аудан әкімдігі мен  аудан әкімін хабардар ету;
8) алдағы кезеңге аудан әкімінің жұмысын жоспарлау;
9) жалпы міндеттілік маңызы бар немесе азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты аудан әкімдігінің, аудан әкімінің актілерін мемлекеттік тіркеуге дер кезінде ұсыну;
10) азаматтар мен заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау;
11) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
12) гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру;
13) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) аудан аумағында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарымен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
2) экономика мен әлеуметтік саланың дамуы, аудандық ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау бойынша материалдар мен ұсыныстар дайындау,  Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес аумақты дамытудың перспективалық бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу;
3) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігінің  және әкімнің актілерін орындауды ұйымдастыру және олардың қала, кент, ауылдық округ әкімдері, өзге де жергілікті мемлекеттік басқару органдардың жүзеге асырып жатқанына бақылауды қамтамасыз ету;
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өкілді және өзге де мемлекеттік органдарымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстың және аудандық мәслихаттарының депутаттары мен аудан әкімдігінің, аудан әкімінің өзара іс-қимылын үйлестіру;
5) аппарат қызметкерлерінің денсаулығын қорғау, олардың құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтау мәселелерін белгіленген тәртіппен шешу;
6) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен тұлғалардан аудан әкімдігі мен аудан әкімінің құзырына жататын мәселелер бойынша тиісті ақпараттар мен құжаттар сұрауға және алуға, сараптама және кеңес жүргізу үшін мамандар мен тәуелсіз сарапшылар тарту;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған бұрмалаушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау;
8) әкімдіктің мәжілістеріне, жергілікті атқарушы органдардың мәжіліс алқаларына, жиналыстарына қатысу;
9) аудан әкімдігінің мәжілісіне, аудан әкімінің қарауына ұсынылған мәселелерді дайындауға қала, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатыстыру;
10) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
11)  мүлікке жедел басқару құқығымен ие болу;
12) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жасау;
13) құрылтайшы құжаттарда қаралған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға қаражаттар пайдалану;
14) сотта талапкер және жауапкер болу;
15) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес аудан әкімі аппаратының негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын жетекші жүзеге асырады.
18. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекшісін Арал ауданының әкімі немесе оның міндетін атқарушы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жетекшісінің өкілеттілігі:
1) аудан әкімі аппаратын мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
2) аудан әкімі аппаратының актілеріне қол қояды;
3) аудан әкіміне аппараттың құрылымы, бөлінген еңбекке ақы төлеу қоры шегінде аппарат қызметкерлерінің лауазымды жалақыларына үстеме және қосымша ақшаларды белгілеу, өзгерту мен алып тастау, сыйақы беру,  аппараттың лауазымды тұлғаларын марапаттау және тәртіптік жаза беру мәселелері бойынша ұсыныстар береді;
4) аппараттың бөлімшелері мен құрылымдық дербес бөлімдердің іс-қимылына жалпы басшылық жасайды;
5) аудан әкімі аппаратының бөлімше жетекшілерін лауазымға тағайындау және босату жөнінде аудан әкіміне   заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес ұсыныс енгізеді;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларының және басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуы мәселелері бойынша тексерулер ұйымдастырады және аудан әкімдігі мен әкімді хабардар етеді;
7) аудан әкімі аппаратының бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, басқа шығыс құжаттардың жобаларын аудан әкіміне ұсынады;
9) өз құзыреті шегінде аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына, аудан әкімдігі мәжілістерінің хаттамаларына, басқа құжаттарға бұрыштама соғады;
10) аппарат құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
11) аппарат жұмысының ішкі тәртібін белгілейді, оның орындалуына бақылау жасайды;
12) аппарат бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ аппараттың қызметкерлеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді;
13) аудан әкімі аппаратының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары, министрліктер, ведомстволар, облыстық, аудандық мәслихаттармен, облыс пен аудан әкімдіктері мен әкімдерімен басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылықта болады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді жүзеге асырады.
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі:
1) мүдделі органдарға аудан әкімдігі мәжілісіне, аудан әкімінің қарауына ұсынылған мәселелерді әзірлеу мен келісу бойынша нұсқаулар беруге;
2) аудан әкімдігінің қаулылары және әкімнің тапсырмалары мен шешімдерінің орындалуы туралы қажетті материалдар, анықтамалар, ақпараттар, есептер талап етуге;
3) аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына түскен материалдар мен құжаттардың жобаларын белгіленген талаптар мен өзгерістер енгізу тәртібіне сәйкес келмеген жағдайда қайтаруға;
4) аудан әкімі атына түскен азаматтардың шағымдарын қарауға, олар бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне тапсырма беруге;
5) аудан әкімдігінің, әкімінің және әкім аппаратының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша келісім-шарттар  жасауға, сенім хаттар беруге құқылы.
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі.

21. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шағыруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Артқа »

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62