Бүгін: 24 маусым 2017 жыл, (19:58)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Халықпен жұмыс

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

 


 

12-бап. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау

  1. Лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектіге, жеке немесе заңды тұлғаға тиісті субъектінің немесе заңды тұлғаның іс-әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап, үш айдан кешіктірілмей шағым беріледі.
  2. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъекті немесе заңды тұлға үшін шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін.
  3. Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз беруші қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі


13-бап. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау

  1. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүргiзуге мiндеттi.
  2. Қабылдау белгiленген әрi жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткiзiлген күн мен сағатта жұмыс орны бойынша өткiзiлуге тиiс.
  3. Егер өтiнiштi лауазымды тұлға қабылдау кезiнде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша өтiнiш ретiнде жұмыс жүргiзiледi.

 


 

АРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІН
ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

АТЫ-ЖӨНІ, ТЕГІ

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ

ҚАБЫЛДАУ САҒАТЫ

Оразбаев Мұхтар Әуесұлы

 Аудан әкімі

Сәрсенбі - 15.00-18.00

№14 бөлме, 2-18-80

Мейірбеков Мерей Маманбайұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Сейсенбі - 15.00-18.00

№19 бөлме, 2-14-80

Өтешев Рүстем Баймырзаұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Бейсенбі - 15.00-18.00

№24 бөлме, 2-19-50

Әлішева  Жұмагүл Нақтайқызы

Аудан әкімінің  орынбасары

Жұма - 15.00-18.00

№ 28 бөлме, 2-19-00

Бохаев Нұрмұхамед Омарұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

Жұма - 15.00-18.00

№19 бөлме, 2-20-00

 

Ескерту: Қабылдауға алдын-ала жазылу аудан әкімі аппаратының № 5 бөлмесінде әр аптаның сейсенбі күні сағат 09.00 – 19.00 аралығында жүргізіледі.
Анықтама телефоны: 2-25-41, 2-11-62  (128)


 

Арал ауданы әкімі аппаратында 2016 жылдың III тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат

Арал ауданы әкімі аппаратына азаматтардан 2016 жылдың III- тоқсанында барлығы 396 өтініш түсті.  2015 жылы бұл көрсеткіш 393 құрап, келіп түскен  өтініштер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 арызға көбейген. Қайталама арыздар саны 38 болды.
Барлық түскен өтініштер аудан басшылығымен қаралып, олардың өтуіне бақылау жүргізілді.

Жоғары органдардан аталған мерзімде қарауға тапсырылғаны 87 өтініш, оның ішінде:
- Облыс әкімі аппаратынан – 68 өтініш;
- «Нұр Отан» партиясы облыстық аппаратынан – 5 өтініш түскен.
- Аудандық прокуратурадан – 11 өтініш;
- Білім басқармасы арқылы – 2 өтініш түсіп, қаралды.

Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңмен көзделген мерзімде жауап берілді.
Жүгінулердің ауқымды бөлігінде коммуналдық шаруашылық мәселелері – 65, тұрғын үй бөлу – 12, жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселесі – 142, мәдениет саласы –  41, білім саласы – 21, денсаулық сақтау мәселелері бойынша – 2, жер мәселесі –
14, заңдылық және құқықтық тәртіпті сақтау – 29, еңбек даулары, еңбекақы төлеу, қысқарту т.б. – 9, кәсіпкерлікке қолдау көрсету – 6, ауыл шаруашылығы – 4 және т.б.
Аудан басшылығының жеке қабылдауы жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.
Аталған кезеңде аудан әкімі А.С. Мұхимовтің және аудан әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауында 130 азамат болды. Қабылдау кезінде азаматтар негізінен тұрғын үй және жер беру жөнінде, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік мәселелері, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерді.
Аудан әкімінің веб-сайтына аталған мерзімде 28 сауал түсті. Сауалдардың көп бөлігі жұмысқа орналасу және денсаулық сақтау, коммуналдық-шаруашылық, баспана беру, білім, әлеуметтік сала мәселелеріне қатысты.
Өтініш берушілердің негізгі санаттары қоғамның әлеуметтік аз қамтылған азаматтары – жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер және тұрмысы төмен азаматтар.

Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:
1. 2016 жылдың ІII- жартыжылдығында Арал ауданы әкімі аппаратына заңды тұлғалардан барлығы 34 (2015ж. – 69) өтініш келіп түскен.
2. Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің басым көпшілігінің бағыттары мынадай: жер пайдалану бойынша – 13, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі – 1, мәдениет – 6, заңдылық және құқықтық тәртіпті сақтау – 2, кәсіпкерлік – 1 және т.б.
3. Жоғарғы органдар арқылы Облыс әкімі аппаратынан және басқада органдардан 9 өтініш түсіп қаралды.
4. Барлық түскен жүгінулер мерзімінде қаралып, өтініш иелеріне заңға сәйкес жазбаша жауаптары берілді.

 




Арал ауданы әкімі аппаратында 2016 жылдың І жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат

Арал ауданы әкімі аппаратына азаматтардан 2016 жылдың І жартыжылдығында барлығы 264 өтініш түсті.  2015 жылы бұл көрсеткіш 313 құрап, келіп түскен  өтініштер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49 арызға азайған. Қайталама арыздар саны 36 болды.
Барлық түскен өтініштер аудан басшылығымен қаралып, олардың өтуіне бақылау жүргізілді.

Жоғары органдардан аталған мерзімде қарауға тапсырылғаны 77 өтініш, оның ішінде:
- Облыс әкімі аппаратынан – 64 өтініш;
- «Нұр Отан» партиясы облыстық аппаратынан – 3 өтініш түскен.
- Аудандық прокуратурадан – 8 өтініш;
- Білім басқармасы арқылы –2 өтініш түсіп, қаралды.

Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңмен көзделген мерзімде жауап берілді.
Жүгінулердің ауқымды бөлігінде коммуналдық шаруашылық мәселелері – 51, тұрғын үй бөлу – 5, жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселесі – 86, мәдениет саласы –  26, білім саласы – 12, денсаулық сақтау мәселелері бойынша – 2, жер мәселесі –
23, заңдылық және құқықтық тәртіпті сақтау – 12, еңбек даулары, еңбекақы төлеу, қысқарту т.б. – 2, кәсіпкерлікке қолдау көрсету – 2, ауыл шаруашылығы – 2 және т.б.

Аудан басшылығының жеке қабылдауы жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

Аталған кезеңде аудан әкімі А.С. Мұхимовтің және аудан әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауында 101 азамат болды. Қабылдау кезінде азаматтар негізінен тұрғын үй және жер беру жөнінде, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік мәселелері, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерді.

Аудан әкімінің веб-сайтына аталған мерзімде 19 сауал түсті. Сауалдардың көп бөлігі коммуналдық-шаруашылық, баспана беру, жұмысқа орналасу және денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік сала мәселелеріне қатысты.

Өтініш берушілердің негізгі санаттары қоғамның әлеуметтік аз қамтылған азаматтары – жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгдектер және тұрмысы төмен азаматтар.

Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

  1. 2016 жылдың І жартыжылдығында Арал ауданы әкімі аппаратына заңды тұлғалардан барлығы 20 (2015ж. – 59) өтініш келіп түскен.
  2. Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің басым көпшілігінің бағыттары мынадай: жер пайдалану бойынша – 9, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі – 1, мәдениет – 2, заңдылық және құқықтық тәртіпті сақтау – 2,кәсіпкерлік – 1 және т.б.
  3. Жоғарғы органдар арқылы Облыс әкімі аппаратынан және басқада органдардан 7 өтініш түсіп қаралды.
  4. Барлық түскен жүгінулер мерзімінде қаралып, өтініш иелеріне заңға сәйкес жазбаша жауаптары берілді.

 




Арал қаласы әкімі аппаратында 2016 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
 
Арал ауданы әкімі аппаратына азаматтардан 2016 жылдың І тоқсанында барлығы 142 өтініш түсті. 2015 жылы бұл көрсеткіш 166-ны құрап, келіп түскен өтініштер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24 арызға азайған. Қайталама арыздар саны 15 болды.
Барлық түскен өтініштер облыс басшылығымен қаралып, олардың өтуіне бақылау жүргізілді.

Жоғары органдардан аталған мерзімде қарауға тапсырылғаны 28 өтініш, оның ішінде:
- Облыс әкімі аппаратынан – 23 өтініш;
- «Нұр Отан» партиясы облыстық аппаратынан – 2 өтініш түскен.
- Аудандық прокуратурадан – 8 өтініш;
-  Білім басқармас арқылы –2 өтініш түсіп қаралған.

Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңмен көзделген мерзімде жауап берілді.
Жүгінулердің ауқымды бөлігінде коммуналдық шаруашылық мәселелері – 27, жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселесі – 60, мәдениет саласы – 10, білім саласы – 9, денсаулық сақтау мәселелері бойынша – 1, жер мәселесі – 10, заңдылық және құқықтық тәртіпті сақтау – 6, кәсіпкерлікке қолдау көрсету – 1, ауыл шаруашылығы – 2 және т.б.

Аудан басшылығының жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

Аталған кезеңде аудан әкімі А.С. Мұхимовтің және облыс әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауында 29 азамат болды. Қабылдау кезінде азаматтар негізінен тұрғын үй және жер беру жөнінде, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік мәселелері, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерді.

Аудан әкімінің веб-сайтына аталған мерзімде 17 сауал түсті. Сауалдардың көп бөлігі коммуналдық шаруашылық, баспана беру, жұмысқа орналасу және білім, әлеуметтік сала мәселелеріне қатысты.

Өтініш берушілердің негізгі санаттары қоғамның әлеуметтік аз қамтылған азаматтары – жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгдектер және тұрмысы төмен азаматтар.

Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:
2016 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысы әкімі аппаратына заңды тұлғалардан барлығы 10 (2015ж. – 26) өтініш келіп түскен.
Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің басым көпшілігінің бағыттары мынадай: мәдениет – 2, жер пайдалану бойынша – 2, коммуналдық шаруашылық мәселелері – 4 және т.б.

Жоғарғы органдар арқылы, Облыс әкімі аппаратынан және басқада органдардан 5 өтініш түсіп қаралды.
Барлық түскен жүгінулер мерзімінде қаралып, өтініш иелеріне заңға сәйкес жазбаша жауаптары берілді.


 

13 сәуiр 2017
Арал қаласы әкімі аппаратында 2017 жылдың 3 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (16.16 Кб)
05 шiлде 2016
2016 жылғы есепті кездесуде аудан тұрғындары тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлердің орындалуы туралы
Жүктеу » (52.01 Кб)
08 қаңтар 2016
Арал қаласы әкімі аппаратында 2015 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (12.02 Кб)
09 қазан 2015
Арал қаласы әкімі аппаратында 2015 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (14.19 Кб)
14 шiлде 2015
Арал қаласы әкімі аппаратында 2015 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (13.77 Кб)
15 мамыр 2015
Арал қаласы әкімі аппаратында 2015 жылдың 4 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (14.1 Кб)
22 қаңтар 2015
Арал қаласы әкімі аппаратында 2014 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (13.46 Кб)
01 тамыз 2014
Арал қаласы әкімі аппаратында 2014 жылдың 7 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (29.5 Кб)

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62