Бүгін: 20 тамыз 2017 жыл, (06:14)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Аудан әкімінің орынбасарлары

Өтешов Рүстем Баймырзаұлы - 1983 жылы 19 қазанда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000-2004 жылдары «Әлеуметтік саладағы экономика және менеджменті» мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. 2004-2006 жылдары Қазақстандық гуманитарлық заң универститетінің юриспруденция бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесіне ие болған. 2004 - 2005 жылдары  «Ақтөбе облысының коммуналдық меншік басқармасы» ММ-де мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы.2005 - 2006 жылдары «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-де ұйымдастыру жұмысы бөлімінің жетекші және бас маманы.2006 жылдары «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ-де лицензиялау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.2006 - 2007 жылдары «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ-де мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің бас маманы.2007 - 2011 жылдар аралығында «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-де мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің басшысы.2011 - 2012 жылдары «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де бюджет шығыстарын бақылау бөлімінің бас мемлекеттік бақылаушы-тексерушісі.2012 – 2014  жылдары «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де бюджет шығыстарын бақылау бөлімінің басшысы.2014 жылдың 12 қарашасынан бастап осы уақытқа дейін Арал ауданы, әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

Аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешовтың функционалдық міндеттері

Аудандық қаржы, экономика және бюджеттік  жоспарлау, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдерінің жұмысына жетекшілік етеді.  

Аудан көлеміндегі қаржы-несие саясаты, сауда және мемлекеттік сатып алу, агроөнеркәсіп кешені, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, оның өнімдерін ұқсату мен сатып алу, есеп айырысу тәртібі, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру, салықтар мен басқа да төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету, аудан бюджетінің орындалуы және бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалану, зейнетақыны уақытылы төлеу мәселелері. Экономикалық реформа, аудан экономикасы қызметінің ағымдағы және болашақ мәселелері, индустриалдық-инновациялық даму, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу  жұмыстарына басшылық жасау.

Басқаратын саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестіру. Нарықтық қатынастарды енгізу, кіші және орта бизнесті қолдау, шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері. Статистика, қазынашылық, салық басқармалары, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы,  банктердің, жылжымайтын мүлік, ветеринариялық стансасы, орман шаруашылығы мекемелері, «Барсакелмес» қорығы, ауылшаруашылық құрылымдарының  жұмыстарын үйлестіру.

Аудан көлемінде ауданның коммуналдық меншігін тиімді және мақсатты пайдалану жөніндегі комиссия, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі, аудан бюджетінің салық салу базасын кеңейту және ұсыныстар дайындау жөніндегі, сауда базарларына (рыноктарына) санат беру жөніндегі, рұқсат беру рәсімдерін қайта қарау және түгендеу жөніндегі жұмысшы  комиссиялардың жұмысын басқару. Аудан әкімінің орынбасары М.Ә.Оразбаев, Н.Ж.Әлішевалар жұмыста болмаған кезде олардың қызметін қоса атқарады.


Арал ауданы әкімінің 2015 жылғы 2 қарашадағы  № 421-ө санды өкімімен Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Әлішева Жұмагүл Нахтайқызы тағайындалды.

Әлішева Жұмагүл Нахтайқызы – 1960 жылы 23 қыркүйекте Алматы облысы, Балхаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1977-1983 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік университетін, «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1977-1981 жылдары «Казгорстройпроект» жобалық институты, курьер бөлімі инспекторықызметімен бастаған.

1981-1983 жылдар аралығында Алматы каръер басқармасы, хатшы заң кеңесшісі. 1983-1992 жылдары Арал кеме жөндеу зауытында заң кеңесшісі және техник қызметтерін атқарған.

1992-1994 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы, 1994-1996 жылдары аудан әкімі аппаратының заң кеңесшісі. 1996-1998 аудан әкімі аппаратының жалпы секторының меңгерушісі, 1998-2002 жылдар аралығында аудан әкімі аппаратының заң кеңесшісі, 2002-2014 жылдары аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2014 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 1 бала тәрбиелеп келді.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Әлішеваның функционалдық міндеттері

Аудандық білім, ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт,  мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің   және жұмыспен қамту орталығының жұмысына жетекшілік етеді.

Әділет басқармасы, аудандық денсаулық сақтау мекемесі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының, жастарды қолдау орталығының, пошта, мұрағат, обаға қарсы күресу стансасы мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді.

Ішкі саясатты жүргізу, ұлтаралық келісім және тіл саясаты, атқарушы органдардың өкілді органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, өзге де азаматтық қоғам институттарымен  және діни ұйымдармен өзара іс қимыл мәселелері.

Ауданда Елбасы мен Үкіметтің ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру жөнінде саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жүргізу, әлеуметтік қайшылықтардың алдын алу, тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету, діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын және тарихи Отанына оралған оралмандарды қабылдау мен орналастыруды  үйлестіру.

Басқаратын саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестіру.

Аудан әкімі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау», «Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі», «Жұқпалы ауруларға қарсы күрес жөніндегі», «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі», «Арал ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы» үйлестіру комиссияларын, аудандық ономастика жөніндегі жұмысшы тобын, мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыру  комиссиясын  басқарады.

Аудан әкімінің орынбасары Р.Б. Өтешов жұмыста болмаған кезде оның  орнын  алмастырады.


 

Арал ауданы әкімінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 504 санды өкімімен Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Мейірбеков Мерей Маманбайұлы тағайындалды.

Мейірбеков Мерей Маманбайұлы – 1984 жылдың 21 қазанында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «Экономика» мамандығы бойынша және 2011 жылы Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін,  «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын, 2006 жылы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2006 - 2008 жылдары Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2008 - 2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар министрліктерінде сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс жасаған.

2013 - 2014 жылы  Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман.

2014 - 2015 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратында бас инспектор, облыс әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қараша-желтоқсан айлары арағында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бөлім басшысы және желтоқсан айынан бастап осы уақытқа дейін осы басқарма басшысының орынбасары  қызметін атқарып келеді.

 

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62