Бүгін: 24 мамыр 2018 жыл, (10:21)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Арал ауданы әкімінің блогы

Оразбаев Мұхтар Әуесұлы

Арал ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Теңіз төскейінен орын тепкен айдынды Арал өңірі – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған тарихи мекен, жыр өлкесі. Киелі топырағында талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерген Арал бүгінде теңізі мен су маржаны, ақ алтыны – ас тұзымен әлемге әйгілі.

Аралда негізінен ата кәсіп саналатын балық және мал шаруашылы кеңінен өріс алған. Елбасының тікелей қолдауы мен сындарлы саясатының арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл санап жанданып келеді.

Сіздер біздің ресми сайтымызға ену арқылы ауданның барлық тыныс-тіршілігі, мемлекеттік органдардың қызметі, қоғамдық ұйымдардың жұмысы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар жайлы ақпарат ала аласыздар. Сонымен қатар, өтініштеріңізге жедел әрі тиімді жауап беру мақсатында аудан әкімінің блогын халықпен байланыс жасаудың біртұтас нысанына біріктіру жөнінде шешім қабылданды. Осы ретте, аудан әкіміне өздеріңізді толғандырып жүрген сұрақтарды жолдауларыңызға болады.

Аудан әкімінің ресми блогы сұрақ-жауап интербелсенді нұсқада жұмыс істейді. Сауалдарыңызды қойып, тілектеріңізді қалдыруға, пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамын!

Сәлеметсізбе Мұхтар Әуесұлы! Мен Үмбетова Гүлбану Арал қаласы Б.Ермағамбетов тұйығы № 8 үйдің тұрғынымын. Сізден өтініп сұраймын мені жұмысқа тұрғызуға көмек беріңізші. Мамандықтарым жоғары "Эколог", "Заңгер". № 14 орыс мектебінде "Программист", Арал аудандық обаға қарсы күресу стансасында "Заңгер", Арал аудандық Әділет басқармасында келісім-шарт бойынша канцелярия бөлімінде жұмыс жасадым. Мен үш жылдан бері жұмысқа тұра алмай жүрмін. Мен былтыр, яғни 2017 жылы 19 қаңтарда Мемлекеттік қызмет туралы тесттен өткенмін, бірақ сертификат мерзімі бір жыл болғандықтан сертификатым жарамай қалды, қайтадан биыл 2018 жылы 19 қаңтарда Мемлекеттік қызмет туралы тесттен, аттестациядан өтіп келдім. Бұл құжаттарымды Арал аудандық әкімшілігінің персоналды кадр бөліміне былтырда, биылда тапсырып койдым. Құрметті Мұхтар Әуесұлы мырза! Сізден сұрайтыным тұрақты жұмысқа тұрғызуға көмектесіңізші. Сізге алдын-ала рахмет!
14 наурыз 2018
Қаралған: 60
Армысыз Аралдың ардақты әкімі Мұхтар Оразбаев мырза! Сізді алда келе жатқан көктем мерекесімен құттықтаймын. Мен Мендыбаева Мейрамгуль "Балықшылар мұражайында" тазалықшы болып жұмыс істеймін.Айлығым шайлығыма жетпейді, себебі менің айлығым ҚР-сының ең төменгі жалақыдан да төмен.Биылғы қаулы бойынша жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ) – 28 284 теңге.Осы орайда сіздерге egov.kz порталынын ең төменгі есептік көрсеткіштер (АЕК, ЕТЖ) қарап шығуды ұсынамын http://egov.kz/cms/kk/articles/article_mci_2012. Ал менің айлығым 23 800 теңге. сонда 5000 теңге қайда?Өзіңіз ойлап қаранызшы 23 800 теңгемен 21 ғасырда қалай өмір сүреміз.Өзім жалғызбасты анамын,отбасымда екі бала тәрбиелеп отырмын.Ұлым Алматыда ақылы бөлімде оқиды,қызым мектепте 5 оқиды.Неше жылдан бері екі баламды өзім асырап адам қылып отырмын.Қазақта жетімін жылатпаған,жесіріне пана болған халық емеспіз ба?Қамқоршым жоқ,баламды әрең оқытып отырмын,даже кредит алуға да айлығым жетпейді. Қазіргі кезде аула сыпырушының айлығы көбейіп кеткен,олар 30 мың теңге алады Жә оны қойшы бір жетімнің басынан сипасан,жетпіс періште қасына келеді" дейді.Жылына келетін бір "Мектепке жол" акциясына,ұжымымнан бір де бір рет көмек алып отырған жоқпын,қазір бір мейрам, корпоротив,той,отырыс болса ғой алдына жан салмай алдын - ала ақшасын беріп кафені брондап қояды.Осы оройда Арал ауданының мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер Айбек Есмағанбетов айтады екен "Бұл жерде отқан біз қайырымдылық қоры емеспіз бар да правсаюздан сұра"депті.Мәдениетті,елге үлгі тұтар ағамыз осылай айтып отырса басқалары не демейт??? Мұражайдын басшылығы,аудандық Әділет басқармасының басшысы Зейнеш Рүстемовнадан үлгі алсын,жылда қайырымдылық жасап,халықтан алғыс алтып отырған адамдардың бірегейі. Сонда мына Арал ауданынын әкімідігі қайда қарап отыр,еңбек инспекторы қайда қарап отыр? Балықшылар мұражайының есепшісі Ықыласов Базарбайға барсам ол маған " сен түсінбейсін"деп мені қайтарып жіберді.Ол менің айлығымды жегенімен қоймай,менің алатын еңбек демалысымдағы ақымды (отпскной) да жеп отыр.Адамда қанағат деген болу керек қой?Жетім,жесірдің айлығын жеп қайда барам деп отыр? Ел ішінде "жегеннің желкесі кесілсін"деген қарғыс бар,бірақ Базарбай ағаны қарғамаймын,жоғарыдан қарап тұрған бір Құдайдын көзі түзу болсын,бір Аллаға тапсырдым. Баяғыды біреу " ойбооой халқыма қай жоқтауымды айтайын,айта берсем көп қой"деген екен.Сол сияқты меніңде әкімге айтатын әңгімем көп,Жоғарыда айтып отырған отпскнойым ол бір әңгіме.2016 жылда еңбек демалысымда 40 мың теңге алсам,2017 жылы 46 мың теңге алып қанағат тұттым.Бұл недеген сұмдық???Бұл бір кісілердің бір айлық алатын жалақысы емеспе? Сонда менің бір жылдық жұмыс істеген күндерім қайда қалды,экологиялық коэфиценттер қайда?Бұл жерде нағыз әділетсіздік болып тұр ғой.Әлде бұл жерде Мұражайдын басшысы Мәди мырзаның қатысы бар ма деп ойлаймын,я болмаса Базарғали өзі барлық ақшаны жымқырып отыр.Жемқорлыққа жол жоқ деп аймандай етіп мақала жазамыз газетке,ал оның орындалуы,жемқорлықты доғарылуы басылып жатқан жоқ.Осындай нарседен басталады жемқорлық деген.Әйел алса,жесе қойш әйел қашанда қатындығын жасайды,ал еркек жеген деген еркектік намысына сын емеспа,тіптен ұят емеспа? ҚР еңбек сіңірген қайраткер Ханзада апайымыз,мұражайдан зейнетке шығып бара жатқан кезде " менің қызымның айлығын 1 ставкыге көтеріндер" деп,маған жанашырлық білдіріп айтып кеткен еді.Сол Ханзада апаның сөзі далада қалды ма? Ұжымда менен басқа барлығы толық ставкамен жұмыс істейді.Әкім мырза менің де айлығымды толық ставкамен көтеруді сұраймын. Жоғарыдағы айтылған былықтарға басшылықтың жауабын күтемін,егер де менің жағдайым,сұранысым оң жағынан қаралмаса мен Қырымбек Көшербаевқа,Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлікке,одан қалсы жаңалықты шырылдатып жеткізетін КТК,31 арна "Информбюро",Ирина Советжанқызы барлығына жазамын,ізденемін,жылы жауып қоймаймын.Және өзіңіздің жеке қабылдауынызға жазылып,ой пікір алмасуды ұсынамын.
27 ақпан 2018
Қаралған: 84
Арал қаласыныың киелі білім ордасы Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектептің қазіргі басшысы Х.Орынбасарова туралы болмақ, ол туралы жазуға мына жағдаяттар себеп болды: 1/ Мектебіміздің ауданға , облысқа белгілі ұстазы , шәкірттерінің сүйіктісі , үздік тарих пәні мұғалімі Ә. Шарапатова 2015 жылдың қаңтар айында зейнет жасына келген соң жүмыс берушімен ,яғни мектеп басшысымен 2015-2016 оқу жылын аяқтау жөнінде келісім шартқа отырған болатын. Себебі бұл апайдың ауру баласы бар , дәрі-дәрмегі, арасында Алматыға апарып көрсетіп тұратыны болғандықтан жұмыста қалғанына ұжым болып қуандық. Сол 2015 жылдың күзінде «Аралтұз» кеңшарынан Ахат Әбдісадықов деген тарих пәні мұғалімін апайдың өзіне тест даярлатып «білімін тексеріп көріңіз» деген желеумен сыртқа көз қылып , әрине парасымен қабылдады. Оны келу бойына сағат жетпей қалар деген қамқорлықпен Өзін-өзі тану пәні бойынша курсқа жіберіп оқытып алды және осы пәннен сағат та берді. 2015 жылдың 3 желтоқсаны күні таңертең 1-сабақтан шыққан соң Ә.Шарапатоваға аудан әкімі мен білім бөлімінің тапсырмасы - зейнеткерлерді түгел жұмыстан босатыңдар деген ,мен тапсырманы орындаушымын ғана деп ақталған. Ар жағындағы 28 күнді қимай айды аяқтауға да мүмкіндік берген жоқ. Еңбек кодексі бойынша жұмыс беруші жұмыскерге кемінде 1 ай бүрын ескертпе хат беруі керек екенін естен шығарса керек. Бір қызығы сол жылы басқа мектептерде зейнет жасына келіп жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің ешқайсысын мектеп басшылары аяқ астынан босатпаған. Мысалы №220 мектептен тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Л.Жұбаниязова,№62 мектептен Ардақ апай т.т.с Ә.Шарапатованы аяқ асты босатудың астары А.Әбдісадықовты 18 сағатқа толтыру екенін кейін білдік. 2/2015 жылдың қыркүйек айынан бастап А.Қыстаубаевты (география пәні мұғалімі ) информатика кабинетіне лаборант- техник қылып жұмысқа алды.Себебі 2016 жылдың сәуірінде география пәні мұғалімі Б.Жұмахметова зейнетке шығуы керек. Соның орнын басуға қазақшалап айтқанда «өлмей жатып көр қазу » осы басшының «логикалық ойлау қабілетінің жоғарылығы» арқасында, себебі бұл баланың да бергені өткен. Оған дәлел : 2016 жылдың кыркүйек айынан бастап А.Қыстаубаевқа бір мезгіл 18 сағат толық жүктеме берілсе ,осы мектепте 1995 жылдан бері сабақ беріп келе жатқан география пәні мұғалімі ,аудандық олимпиада комиссиясының белді мүшесі , көп балалы ана - А.Елеусізоваға үш үйден оқитын оқушының 3 сағаты,3 сағат факультативпен (ол да ең соңғы сабаққа қойылады) әрең 18 сағатқа толтырып ,бірақ екі аусымда жұмыс жасауы әділдікке жанаса ма? 3/ Х.Орынбасарова өзіне ұнамаған,қырына алған адамдарымен «технично құтылу операциясын » терең меңгерген .2016 жылы зейнеткерлікке екі мұғалім шықты . Соның бірі Г.Құрманалиева. Арал ауданына СТО бағдарламасынтүңғыш алып келген және алғашқы тренер, ҚР Білім беру ісінің үздігі,жоғары санатты білікті де білімді ұстаз. Осыдан 3 жыл бұрын науқастанып, мүгедектік те алған еді. Г.Құрманалиеваның туылған күні 6 маусым болатын, бірақ директордың адамгершілік қасиетінің жоқтығынан 1 маусымнан еңбек демалысына , 8 тамыздан бастап зейнетке шығуына тура келді. Сонда басшының үзеңгіге аяқ салып тұрған адамға ар жағындағы 23 күнді қимай 2016жылдың 1 қыркуйегінен бастап зейнетке құрметпен шығарып салуға жарамағаны қатты қынжылтты. Сонда Гүлнар апайдың: « Өзім де шығатын едім.25 жыл жұмыс жасаған мектебімде 25 кун тұрғызбады ғой мына директор » -деп ренжігенін ұжым мүшелерінің көбі біледі. 4/ 2017 жылдың мамырында география пәні мұғалімі ,бастауыш сынып бойынша оқу ісінің бұрынғы орынбасары К.Рахова зейнетке шықты . Бұл кісі осы мектепте 33 жыл қызмет етсе де , екі жүзді директорға әрең дегенде өз талабын айтып көндіргенін әріптестері жақсы біледі. Себебі зейнетке шыққан мұғалімдердің ешқайсысы ары қарай жұмыс жасамайтынын айтып тұрса да 23 күнді беру Орынбасарова үшін тым қиын болғаны өкінішті . 5/ Х.Орынбасарова тек атақ үшін жүрген адам . Себебі Арал ауданына танымал болу үшін өзінің алдында және өзі келген кезде зейнетке шыққан адамдарды ұлықтау мақсатында 2015 жылы Жыраулар үйінде үлкен іс шара өткізді . Кезінде ол аудандық Толқын газетіне ардагер ағайымыздың мақаласымен де танымал болып , бал жинаған болатын.2016 және 2017 жылықыркүйек айына дейін зейнетке шыққан мұғалімдердіұлықтамақ түгілі туған күнінде қүттықтауға жарай алмағандығын ұмытып қалса керек. Екі жүзділігінің дәлелі осы 2017 жылдың 25 қазаны куні мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Исаеваны зейнетке шыққанын ұлықтап жатқанын әлеуметтік желіден көріп тамашаладық.Сабақ уақытында 1,5 сағат бойыұлықтауға тұрарлық тұлға болған соң «сый көрген адам сыйлы болады, құрмет көрген адам құрметті болады» деген жаттанды сөзімен қасқа болған сынып жетекшілері мен оқушылардың мойнына салық салынып «сюрприз » жасағаны құптарлық нәрсе . Тек өкініштісі сол мектепке 25,30,35 жыл еңбегі сіңген мұғалімдер мен 16 жыл қызмет жасаған С. Исаеваның артықшылығы фамилиясында ма деген сауал еріксіз оралады. ...Ал «бәрі прозрачно болсын» дейтін басшы оқушыларды сабағынан, мұғалімдерді жұмысынан қалдырғанда қандай ережеге сүйенді? Басшы өз қызметкерлерін осылай алалағасын, олар бір-бірін аңдуға көшкен. «Аңдысқан - ауыл болмас » деген осы болар. С. Исаева зейнет жасына келсе де «өзін-өзі тану пәнінен керек кадр » болғандықтан (негізгі мамандығы математика болса да бұл пәннен сабақ берген емес )мектепке келетін оқушыларды қабылдау да Сағат апайдың нұсқауымен ақылдылығымен,данышпандығымен іске асатынын директор апайдың өзі бүкіл халықтың алдында жария қылды. Сонда директор өз бетінше не шеше алады ? С.Исаева ғана қадірлі ,қоғамға керек те қалғандарының қажетсіз болғаны ма?. 2017 жылдың қазан айынан бастап директор үшін заң өзгергендіктен С.Исаеваны оқу жылының аяғына дейін алып қалғанын естідік Бұл жерде С .Исаевада шаруамыз жоқ , шаруа директорда .Дегенмен С.Исаева сияқты гении болу қайда, кез келген жағдайда ситуациядан шығудың хас шебері болғасын Хадиша апайға ұнаған болар. Заңды сұрақ –әділдік қайда? 6/ Осыдан 40 жыл бұрын бұрынғы мектеп басшысы ,марқұм Сайлау Жетпісбаев ағай мектеп тар болғандықтан техникалық қызметкерлер киімін ауыстырып кию үшін 2-қабатқа көтерілетін баспалдақ астын жауып берген болатын.Соны 2017 жылдың қыркүйегінен бастап бұздырып тастады.Мектептің екі мезгіл қара жұмысы,арасында күн суықта жылынып шай ішеді.Онда тұрған не бар,жұмыс жүріп жатса? Соны коп коріп бұздырып тастады.Есесіне тех қызметкерлердің шешініп киінетін орны, не арасында аяқтарын суытып отыратын жері жоқ болғандықтан бастауыш пен екі ортада тентіреп күй кешіп жатыр. Ал өзі екі қасындағы хатшы қызының қалтасына түсіп «викалина» әдемі ыдысымен қою шай ішетінін және келген сүйікті қонақтарына да ұсынатынын кім білмейді? Бұл білім ордасы,осы Хадиша апай келгелі шай беруді көргендер әлі таң қалуда.(Қазалы шақарынан көргені бар ғой) 7/ 2017 жылы қыркүйек айынан бастап мектептің кіре берістегі фойесіне және сыртқы есік алдына камера орнатылған болатын. Ол камера терроризмге қарсы күрес агенттігінің тапсырмасымен құрылғандығын коптеген ұжыммүшелері білмеуі мүмкін. Ал Орынбасарова басқа жұмыстың бәрін жинап қойып- мұғалім мен тех қызметкер нешеде келді, неше рет сыртқа шықты, кіммен сөйлесті ,оқушы неге кешікті ата-ана не істеп жүр,оқушыны мұғалім не үшін сабақтан алды? деген сауалдарымен онсыз да жүйкесі жұқарған мұғалім мен қызметкерді шаршатты. Кеш келгендер директорға түсінік жазады, арасындда тісі батпайтындарға: неге кешіктің? -деп сұрамайды да. 8/ Х.Орынбасарова 2014 жылдың қарашасынан 2017 жылдың қаңтарына дейін тойға немесе жақыны қайтыс болғандарға сұранғаны үшін ақы сақталмайтын күн беріп келді .Егер бухгалтериядан сол жылдардың жабылған табелі мен қоса тігілген буйрығын көрсе оңай көз жеткізуге болады. Ал өзі ше ? 2017 жылдың 24-28 қаңтары аралығында Қазалыдағы жездесі қайтыс болған кезде бақандай 5 күн жұмыста болған жоқ.Өз аузынан шыққан - сөзі сол кезде уақытша білім бөлімінің басшысы орнындағы Ақжарқын апайдан /білім бөлімі басшысы демалыста болатын/ ақы сақталмайтын күн алып келдім деген. Егер сол сөзі рас болса сабақ беретін сынып журналын өзі неге толтырды, табельге толық айлығы неге жіберілді ?Әр апта сайын жездесінің иісіне басшыдан сұранып барып отырды ғой ,сонда қызметкерлеріне қаншама обал жасағаннын ұғынды ма екен?Бұл сұрақтын жауабын бере алар ма екен? 9/ 2017ж 31 тамызы күні пед кеңестің шешімімен барлық ұжым мүшелері алдында уақытша бастауыш сынып оқу ісі орынбасарының орнына І аусымға Г.Беркімбаеваны ,ІІ ауысымға А.Нұрболатованы тағайындаған болатын.Алғашқы қоңырау бастауыш сынып мұғалімдеріне жүктелгенді . Директордың қулығының арқасында 2 қыркүйек күні мерекені өткізіп болған соң , орынбасарлыққа озінің сүйікті адамын отырғызды.Бұл жерде мұғалім қыздардың пікірі ескерілген жоқ ,себебі Орынбасароваға өзінің айтқанынан шықпайтын ләппай тақсыр қажет болды және солай болды .Бұл жерде үлкен саясат жатыр. Ол кезде Білім бөлімінің басшысы жоқ болатын соны шебер пайдаланып өз ойын іске асырды,ал есесіне екі қызды бір күн өтпей жатып керексіз лақтыра салған зат сияқты пайдаланғаны өте ыңғайсыз болды.. Сонда пед кеңес жоғары орган ,оның шешімін бір күнде екі рет өзгертсе сонда оның ролі қайда .Жұртты мазақ қылғаны сауатсыз басшының ісі емей немене?. Жоғарыдағы келтірілген фактылардың барлығы шындық. Бұдан да басқа нәрселері көп ,оны жаза берсек уақыт та , парақ та жетпейді.2107 ж ақпанында директордың үстінен жазылған шағымды ұжым мүшелері жоққа шығарғанмен коптеген шындықтың жазылғанынан білім бөлімінің сол кездегі басшысы мен қызметкерлері хабардар болатын. Егер бұл шағым өз дәрежесінде қаралмайтын болса ,онда одан да жоғары лауазымды орындарға жіберілетінін хабардар етеміз Себебі қазір ұжымда баяғы ұйыған ауыз біршілік жоқ .Бір сөзбен айтқанда ауданымызда басшылық қызметке лайықты керемет кадрлар көп , Қазалыдан келген екі жүзді алапес деген тамақты коп жеген директорға қаншама халықтың тағдырын тапсыра салу жоғары басшылықта отырған қызметкерлердің ойланатын ісі. Тағы ескеретін нәрсе шағымды кімнің жазғанында емес неге жазылғанында . Тек бәрі әділ шешілетін болсын.Біздің тілегіміз сол ғана.
14 желтоқсан 2017
Қаралған: 265
Құрметті Мұхтар Əуесұлы!Мен Іздібаева Əсем Арал ауданы Аманөткел елді мекенінің тұрғынымын.Отбасында төрт ағайындымыз ,бəрі отбасылы мен үйдің кішісімін.Жанұя жағдайымызда анам екеуміз тұрамыз.Əкем 2006жылы өмірден озған.Осы уақытқа дейін анам бізді жалғыз өзі өсіріп жеткізді.Таңғы 4те тұрып, балық қабылдап ,оны ертемен арбамен арқалап көлікке тиеп,саудагерлерге сатып осылай табыс көзін тауып келді.Əкем өмірден кеткен осы он бір жыл көлемінде осылай нан тауып жеткізді.Біреуге тек жəй əңгіме болар,бырақ бұл анамның шынымен басынан кешірген күйбең тіршілік деп талпынған өмірі.Қазіргі таңда анам 54жаста, зейнетке шығуына əлі ерте.Былтыр 73орта мектепке киім бағушы боп қабылдаған,он жыл жасаған адамды қызметінен босатып,анамды алған биыл кері ішінен қызметкерлер ұсынып 0,5ставка адамды толық етіп,анамды шығарып тастады.Толық жүктеме қылған отбасылардың жанұясында ер азамататтары бар ,асырып отқан.(киім бағушы боп алынған əйелдерге қатысты).Бұл жайттан кейін анама маусымдық 0,5 от жағушы қызметін ұсынды.Ол əрине он жыл арба арқалап өз денсаулығына зиян келтіріп жүрген ,анама оңай болсынба ол жұмыстан бас тартуға мəжбүр болды,себебі денсаулығы шынымен оған жарамайды.Енді сізден өтінеріміз анама зейнетке шыққанша жасайтын тазалықшы болсада(мамандығы жоқ)толық тұрақты жұмыс тауып беруіңізді сұраймын.Барынша Аманөткел елді мекенінен .Мен қыз бала мен жұмыс жасағанмен "қыз қонақ"анама күнкөріс көзі керек сол үшін осыны ескересіз деп сенем.Мен өзім Қызылорда қаласында.."Биология"мамандығымен тəлім алдым.Біріген соң "жастар практикасы"арқылы жасадым.Оның мерзімі аяқталуына байланысты босадым .Қазір менде үйдемін.Барлық мекемеді тіркеуде бармын ,орын жоқ деп шығарып салады.73орта мектепте (Аманөткел)осы сала бойынша зейнетке шыққан ұстаз бар,ол келісімшарт бойыншы мамыр айына дейін жасайды деді маған мектеп директоры,осы себепті маған ол орын босағанша маған Арал ауданынан мамандығыммен немесе мамандығымнан тыс(хатшы,тəлімгер..т.б)жасайтын жұмыс тауып беруіңізді өтінемін..Анамада ,мағанда жанұя жағдайымыз төмен екенін ескеріп (үйімізде 30жыл болған көне ғимарат ,жаңбырда төбемізден су кетеді,отыру мүмкін болмай қалады)тұрақты жұмыс тауып берсеңіз деймін.Осы Арал қаласынан болсада жасауға дайынбыз(егер анамада мағанда)жұмыс табылса .Сіздің жеке қабылдауыңызға кіруге мүмкіндік болмай жатыр,сондықтан өзіңіздің жеке блогіңізге хат жазып отырмын,осы өтінішімді ескеріп,жеке тұлғалық барлық құқымды сараптай отырып,демеу берерсіз деген ойдамын....Арал ауданы,Аманөткел ауылынан Іздібаева Əсем Сағынтайқызы...
12 желтоқсан 2017
Қаралған: 207
Сәлеметсіз бес? Мұхтар Əуезұлы сізге Ақтөбе қаласынан хат жолдаушы Арал қаласының,Бекарыстан би көшесі 38 үйдің тұрғыны Оспанова Ажар Аоалханқызының бауыры Канатбаева Гульнар Аралкановна.Сізге осы хатым арқылы мына жағдайды баяндағым келеді.менің апам Ажар Арал қаласының аудандық емханасында бірнеше жылдан бері тіркеуде бірақ соған қарамастан дәрігерлерден ешқандай көмек ала алмайды.Тіркеудегі науқастың жылына екі рет тексеруден өтуі де дəрігерлер тарапынан ешқашан қадағаланған емес.Керісінше тексерілуден өтуге келгенде анализдердің,ақылы узиге түсу керектігін айтқан.Мен өткен жылдың тамыз айында аудандық емхана меңгерушісіне осы жағдайды анықтауға барғанымда емхана меңгерушісі кезекті еңбек демалысында болды. Емхана меңгерушісінің орынбасарымен жолығып барлық жағдайды түгел баяндағанмын.Қазіргі таңда менің апам бір бөтекесінің жоғына қарамастан үйде инсулт алған қарт кісіге қарап отырғанында ескеркім келеді.Менің апамның мүгедектікке шығуына не кедергі екенін емхана меңгерушілері түсінік беруін өтінемін. Жауап болмаған жағдайда республикалық денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдауыма тура келеді.Сізге алдын ала рахмет айтамын.
26 қыркүйек 2017
Қаралған: 315
Сəлеметсізбе Оразбаев Мұхтар мырза! Мен денсаулық сақтау саласы бойынша шағым түсіргім келіп отыр. Бұл оқиға бір емес бірнеше рет қайталанып отыр Əкем ауырып жедел жəрдем шақыртқан болатынбыз, келді тексерді мынадай дарілерді сал деп врач айтып еди қасындағы көмекшілері ондай дəрілердің жоқтығын айтты Содан бір дəрі салып кетті не салғанын білмедік Келгенде өздерімен алып келген сумкаларында ашса дым дəрілері жоқ толған шприц тек қана болар болмас дəрілері болад бірақ ол дəрілердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен салайын деп жатканда қарап қалып едім жарамдылық мерзімі біраз уақыт болған өтіп кеткен Одан кейн 3-4рет шақырттық тағы осы жағдай дəрілерінің жоқтығын айтып уйде не бар соны бере беріңіздер деп кетті Не үшін жедел жəрдем ол уақытында керек дəрісі жоқ болса мумкин ол адамнын өмірі сол дəріге қарап тұрған болар Жедел жəрдем қызметкерлеріне айтқанбыз не үшін жоқ дəрі бөлінеді ма өзі деп Олар біз өзіміз сатып алып салып жүрміз жоқ дəріні қайдан тауып салып береміз деп айқайлап мінез көрсетіп кетті жəне шақырған уақытынан ұзақ уақытқа кешігіп келеді түсінеміз қаламызда адам көп сондада жедел деген аттары бар емеспа Жедел жəрдемнің дəрі дəрмекпен қамтамасыз етілу жағын қарастырсаңыз Бірнеше рет осылай болды білмеймін бұлай жалғаса берсе не боларын Осы жағдай тек менің емес қаншама қала тұрғындарында да болып жатқаны сөзсіз рас Мəселенің оң шешімін тауып беруіңізді сұраймыз Рахмет!
11 тамыз 2017
Қаралған: 320

Бөлім таңдау арқылы сұрағыңызды тұжырымдаңыз:

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62