Бүгін: 20 сәуір 2018 жыл, (03:30)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Арал ауданы әкімінің блогы

26.09.2017
Қаралған: 271
Канатбаева Гульнар Аралкановна

Сәлеметсіз бес? Мұхтар Əуезұлы сізге Ақтөбе қаласынан хат жолдаушы Арал қаласының,Бекарыстан би көшесі 38 үйдің тұрғыны Оспанова Ажар Аоалханқызының бауыры Канатбаева Гульнар Аралкановна.Сізге осы хатым арқылы мына жағдайды баяндағым келеді.менің апам Ажар Арал қаласының аудандық емханасында бірнеше жылдан бері тіркеуде бірақ соған қарамастан дәрігерлерден ешқандай көмек ала алмайды.Тіркеудегі науқастың жылына екі рет тексеруден өтуі де дəрігерлер тарапынан ешқашан қадағаланған емес.Керісінше тексерілуден өтуге келгенде анализдердің,ақылы узиге түсу керектігін айтқан.Мен өткен жылдың тамыз айында аудандық емхана меңгерушісіне осы жағдайды анықтауға барғанымда емхана меңгерушісі кезекті еңбек демалысында болды. Емхана меңгерушісінің орынбасарымен жолығып барлық жағдайды түгел баяндағанмын.Қазіргі таңда менің апам бір бөтекесінің жоғына қарамастан үйде инсулт алған қарт кісіге қарап отырғанында ескеркім келеді.Менің апамның мүгедектікке шығуына не кедергі екенін емхана меңгерушілері түсінік беруін өтінемін. Жауап болмаған жағдайда республикалық денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдауыма тура келеді.Сізге алдын ала рахмет айтамын.

Жауап:

Үстіміздегі жылдың 3 қазанында Арал ауданы әкімдігінің ресми веб-порталына жолдаған өтінішіңізде Арал қаласы, Бекарыстан би көшесі
№ 38 үйдің тұрғыны, апаңыз Оспанова Ажар Аралханқызының денсаулығына байланысты мүгедектікке шығуына не кедергі екені жөнінде денсаулық сақтау саласы басшысының түсініктеме беруін сұрағансыз.

Өтініш, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасына (М. Ршымбетов) жолданып, таныстырылды және заңдылығына сәйкес қарау жөнінде тапсырма берілген.

Нәтижесінде, Сіздің өтінішіңіз, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының (М. Ршымбетов) ішкі аудит отырысында апаңыз А. Оспанованың қатысуымен қаралып, төмендегі жағдайлар анықталған.

А. Оспановаға амбулаториялық картасы бойынша 2011 жылы аудандық орталық ауруханада бүйрек науқасына байланысты сол бүйрегіне ота жасалып алынғандығы және де ҚР ДСМ-нің 26.12.2012 жылғы № 885 «Аурулардың созылмалы нысандарымен ауыратын науқастарды диспансерлеу хаттамаларын бекіту туралы» бұйрығы бойынша «пиелонефрит» бүйрек науқасымен ауыратындықтан тек жылына 1 рет профиликтикалық тексерумен қамтылғандығы, яғни диспансерлік есепке алуға жатпайтындықтан жылына
2 рет тексерілмейтіндігі белгілі болды.

Зертханалық зерттеулерінде патологиялық ауытқулары жоқ болып, қан қысымы қалыпты жағдайда (120/80) болуына байланысты диспансерлік есепке алуға жатпайтындықтан тегін дәрі-дәрмекпен қамтыла алмайды.

Сонымен қатар, өз денсаулығына шағымы жоқтығы себепті мүгедектік тобын анықтауға жатпайды және қазіргі таңда мүгедектік белгілері анықталмаған.

Алайда Сіздің өтінішіңізді ескере отырып, осы жылдың 12-қазаны күні азаматша Ажар Оспанова тиісті зертханалық зерттеулерін тапсыратын болып  келісілген.

Сондай-ақ, зерттеулер қорытындысы бойынша мүгедектік белгілері анықталған жағдайда тиісті құжаттары дайындалып дәрігерлік кеңес комиссиясына мүгедектік тобын анықтау мәселесіне байланысты ұсынылатын болады.

Өтініш, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралғандығын және осы жауаппен келіспеген жағдайда басқа да құзырлы органдарға жүгінуге құқылы екендігіңізді білдіремін.

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62