Бүгін: 24 қаңтар 2018 жыл, (03:36)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Арал ауданы әкімінің блогы

14.12.2017
Қаралған: 53
Анапия Сартаева

Арал қаласыныың киелі білім ордасы Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектептің қазіргі басшысы Х.Орынбасарова туралы болмақ, ол туралы жазуға мына жағдаяттар себеп болды: 1/ Мектебіміздің ауданға , облысқа белгілі ұстазы , шәкірттерінің сүйіктісі , үздік тарих пәні мұғалімі Ә. Шарапатова 2015 жылдың қаңтар айында зейнет жасына келген соң жүмыс берушімен ,яғни мектеп басшысымен 2015-2016 оқу жылын аяқтау жөнінде келісім шартқа отырған болатын. Себебі бұл апайдың ауру баласы бар , дәрі-дәрмегі, арасында Алматыға апарып көрсетіп тұратыны болғандықтан жұмыста қалғанына ұжым болып қуандық. Сол 2015 жылдың күзінде «Аралтұз» кеңшарынан Ахат Әбдісадықов деген тарих пәні мұғалімін апайдың өзіне тест даярлатып «білімін тексеріп көріңіз» деген желеумен сыртқа көз қылып , әрине парасымен қабылдады. Оны келу бойына сағат жетпей қалар деген қамқорлықпен Өзін-өзі тану пәні бойынша курсқа жіберіп оқытып алды және осы пәннен сағат та берді. 2015 жылдың 3 желтоқсаны күні таңертең 1-сабақтан шыққан соң Ә.Шарапатоваға аудан әкімі мен білім бөлімінің тапсырмасы - зейнеткерлерді түгел жұмыстан босатыңдар деген ,мен тапсырманы орындаушымын ғана деп ақталған. Ар жағындағы 28 күнді қимай айды аяқтауға да мүмкіндік берген жоқ. Еңбек кодексі бойынша жұмыс беруші жұмыскерге кемінде 1 ай бүрын ескертпе хат беруі керек екенін естен шығарса керек. Бір қызығы сол жылы басқа мектептерде зейнет жасына келіп жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің ешқайсысын мектеп басшылары аяқ астынан босатпаған. Мысалы №220 мектептен тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Л.Жұбаниязова,№62 мектептен Ардақ апай т.т.с Ә.Шарапатованы аяқ асты босатудың астары А.Әбдісадықовты 18 сағатқа толтыру екенін кейін білдік. 2/2015 жылдың қыркүйек айынан бастап А.Қыстаубаевты (география пәні мұғалімі ) информатика кабинетіне лаборант- техник қылып жұмысқа алды.Себебі 2016 жылдың сәуірінде география пәні мұғалімі Б.Жұмахметова зейнетке шығуы керек. Соның орнын басуға қазақшалап айтқанда «өлмей жатып көр қазу » осы басшының «логикалық ойлау қабілетінің жоғарылығы» арқасында, себебі бұл баланың да бергені өткен. Оған дәлел : 2016 жылдың кыркүйек айынан бастап А.Қыстаубаевқа бір мезгіл 18 сағат толық жүктеме берілсе ,осы мектепте 1995 жылдан бері сабақ беріп келе жатқан география пәні мұғалімі ,аудандық олимпиада комиссиясының белді мүшесі , көп балалы ана - А.Елеусізоваға үш үйден оқитын оқушының 3 сағаты,3 сағат факультативпен (ол да ең соңғы сабаққа қойылады) әрең 18 сағатқа толтырып ,бірақ екі аусымда жұмыс жасауы әділдікке жанаса ма? 3/ Х.Орынбасарова өзіне ұнамаған,қырына алған адамдарымен «технично құтылу операциясын » терең меңгерген .2016 жылы зейнеткерлікке екі мұғалім шықты . Соның бірі Г.Құрманалиева. Арал ауданына СТО бағдарламасынтүңғыш алып келген және алғашқы тренер, ҚР Білім беру ісінің үздігі,жоғары санатты білікті де білімді ұстаз. Осыдан 3 жыл бұрын науқастанып, мүгедектік те алған еді. Г.Құрманалиеваның туылған күні 6 маусым болатын, бірақ директордың адамгершілік қасиетінің жоқтығынан 1 маусымнан еңбек демалысына , 8 тамыздан бастап зейнетке шығуына тура келді. Сонда басшының үзеңгіге аяқ салып тұрған адамға ар жағындағы 23 күнді қимай 2016жылдың 1 қыркуйегінен бастап зейнетке құрметпен шығарып салуға жарамағаны қатты қынжылтты. Сонда Гүлнар апайдың: « Өзім де шығатын едім.25 жыл жұмыс жасаған мектебімде 25 кун тұрғызбады ғой мына директор » -деп ренжігенін ұжым мүшелерінің көбі біледі. 4/ 2017 жылдың мамырында география пәні мұғалімі ,бастауыш сынып бойынша оқу ісінің бұрынғы орынбасары К.Рахова зейнетке шықты . Бұл кісі осы мектепте 33 жыл қызмет етсе де , екі жүзді директорға әрең дегенде өз талабын айтып көндіргенін әріптестері жақсы біледі. Себебі зейнетке шыққан мұғалімдердің ешқайсысы ары қарай жұмыс жасамайтынын айтып тұрса да 23 күнді беру Орынбасарова үшін тым қиын болғаны өкінішті . 5/ Х.Орынбасарова тек атақ үшін жүрген адам . Себебі Арал ауданына танымал болу үшін өзінің алдында және өзі келген кезде зейнетке шыққан адамдарды ұлықтау мақсатында 2015 жылы Жыраулар үйінде үлкен іс шара өткізді . Кезінде ол аудандық Толқын газетіне ардагер ағайымыздың мақаласымен де танымал болып , бал жинаған болатын.2016 және 2017 жылықыркүйек айына дейін зейнетке шыққан мұғалімдердіұлықтамақ түгілі туған күнінде қүттықтауға жарай алмағандығын ұмытып қалса керек. Екі жүзділігінің дәлелі осы 2017 жылдың 25 қазаны куні мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Исаеваны зейнетке шыққанын ұлықтап жатқанын әлеуметтік желіден көріп тамашаладық.Сабақ уақытында 1,5 сағат бойыұлықтауға тұрарлық тұлға болған соң «сый көрген адам сыйлы болады, құрмет көрген адам құрметті болады» деген жаттанды сөзімен қасқа болған сынып жетекшілері мен оқушылардың мойнына салық салынып «сюрприз » жасағаны құптарлық нәрсе . Тек өкініштісі сол мектепке 25,30,35 жыл еңбегі сіңген мұғалімдер мен 16 жыл қызмет жасаған С. Исаеваның артықшылығы фамилиясында ма деген сауал еріксіз оралады. ...Ал «бәрі прозрачно болсын» дейтін басшы оқушыларды сабағынан, мұғалімдерді жұмысынан қалдырғанда қандай ережеге сүйенді? Басшы өз қызметкерлерін осылай алалағасын, олар бір-бірін аңдуға көшкен. «Аңдысқан - ауыл болмас » деген осы болар. С. Исаева зейнет жасына келсе де «өзін-өзі тану пәнінен керек кадр » болғандықтан (негізгі мамандығы математика болса да бұл пәннен сабақ берген емес )мектепке келетін оқушыларды қабылдау да Сағат апайдың нұсқауымен ақылдылығымен,данышпандығымен іске асатынын директор апайдың өзі бүкіл халықтың алдында жария қылды. Сонда директор өз бетінше не шеше алады ? С.Исаева ғана қадірлі ,қоғамға керек те қалғандарының қажетсіз болғаны ма?. 2017 жылдың қазан айынан бастап директор үшін заң өзгергендіктен С.Исаеваны оқу жылының аяғына дейін алып қалғанын естідік Бұл жерде С .Исаевада шаруамыз жоқ , шаруа директорда .Дегенмен С.Исаева сияқты гении болу қайда, кез келген жағдайда ситуациядан шығудың хас шебері болғасын Хадиша апайға ұнаған болар. Заңды сұрақ –әділдік қайда? 6/ Осыдан 40 жыл бұрын бұрынғы мектеп басшысы ,марқұм Сайлау Жетпісбаев ағай мектеп тар болғандықтан техникалық қызметкерлер киімін ауыстырып кию үшін 2-қабатқа көтерілетін баспалдақ астын жауып берген болатын.Соны 2017 жылдың қыркүйегінен бастап бұздырып тастады.Мектептің екі мезгіл қара жұмысы,арасында күн суықта жылынып шай ішеді.Онда тұрған не бар,жұмыс жүріп жатса? Соны коп коріп бұздырып тастады.Есесіне тех қызметкерлердің шешініп киінетін орны, не арасында аяқтарын суытып отыратын жері жоқ болғандықтан бастауыш пен екі ортада тентіреп күй кешіп жатыр. Ал өзі екі қасындағы хатшы қызының қалтасына түсіп «викалина» әдемі ыдысымен қою шай ішетінін және келген сүйікті қонақтарына да ұсынатынын кім білмейді? Бұл білім ордасы,осы Хадиша апай келгелі шай беруді көргендер әлі таң қалуда.(Қазалы шақарынан көргені бар ғой) 7/ 2017 жылы қыркүйек айынан бастап мектептің кіре берістегі фойесіне және сыртқы есік алдына камера орнатылған болатын. Ол камера терроризмге қарсы күрес агенттігінің тапсырмасымен құрылғандығын коптеген ұжыммүшелері білмеуі мүмкін. Ал Орынбасарова басқа жұмыстың бәрін жинап қойып- мұғалім мен тех қызметкер нешеде келді, неше рет сыртқа шықты, кіммен сөйлесті ,оқушы неге кешікті ата-ана не істеп жүр,оқушыны мұғалім не үшін сабақтан алды? деген сауалдарымен онсыз да жүйкесі жұқарған мұғалім мен қызметкерді шаршатты. Кеш келгендер директорға түсінік жазады, арасындда тісі батпайтындарға: неге кешіктің? -деп сұрамайды да. 8/ Х.Орынбасарова 2014 жылдың қарашасынан 2017 жылдың қаңтарына дейін тойға немесе жақыны қайтыс болғандарға сұранғаны үшін ақы сақталмайтын күн беріп келді .Егер бухгалтериядан сол жылдардың жабылған табелі мен қоса тігілген буйрығын көрсе оңай көз жеткізуге болады. Ал өзі ше ? 2017 жылдың 24-28 қаңтары аралығында Қазалыдағы жездесі қайтыс болған кезде бақандай 5 күн жұмыста болған жоқ.Өз аузынан шыққан - сөзі сол кезде уақытша білім бөлімінің басшысы орнындағы Ақжарқын апайдан /білім бөлімі басшысы демалыста болатын/ ақы сақталмайтын күн алып келдім деген. Егер сол сөзі рас болса сабақ беретін сынып журналын өзі неге толтырды, табельге толық айлығы неге жіберілді ?Әр апта сайын жездесінің иісіне басшыдан сұранып барып отырды ғой ,сонда қызметкерлеріне қаншама обал жасағаннын ұғынды ма екен?Бұл сұрақтын жауабын бере алар ма екен? 9/ 2017ж 31 тамызы күні пед кеңестің шешімімен барлық ұжым мүшелері алдында уақытша бастауыш сынып оқу ісі орынбасарының орнына І аусымға Г.Беркімбаеваны ,ІІ ауысымға А.Нұрболатованы тағайындаған болатын.Алғашқы қоңырау бастауыш сынып мұғалімдеріне жүктелгенді . Директордың қулығының арқасында 2 қыркүйек күні мерекені өткізіп болған соң , орынбасарлыққа озінің сүйікті адамын отырғызды.Бұл жерде мұғалім қыздардың пікірі ескерілген жоқ ,себебі Орынбасароваға өзінің айтқанынан шықпайтын ләппай тақсыр қажет болды және солай болды .Бұл жерде үлкен саясат жатыр. Ол кезде Білім бөлімінің басшысы жоқ болатын соны шебер пайдаланып өз ойын іске асырды,ал есесіне екі қызды бір күн өтпей жатып керексіз лақтыра салған зат сияқты пайдаланғаны өте ыңғайсыз болды.. Сонда пед кеңес жоғары орган ,оның шешімін бір күнде екі рет өзгертсе сонда оның ролі қайда .Жұртты мазақ қылғаны сауатсыз басшының ісі емей немене?. Жоғарыдағы келтірілген фактылардың барлығы шындық. Бұдан да басқа нәрселері көп ,оны жаза берсек уақыт та , парақ та жетпейді.2107 ж ақпанында директордың үстінен жазылған шағымды ұжым мүшелері жоққа шығарғанмен коптеген шындықтың жазылғанынан білім бөлімінің сол кездегі басшысы мен қызметкерлері хабардар болатын. Егер бұл шағым өз дәрежесінде қаралмайтын болса ,онда одан да жоғары лауазымды орындарға жіберілетінін хабардар етеміз Себебі қазір ұжымда баяғы ұйыған ауыз біршілік жоқ .Бір сөзбен айтқанда ауданымызда басшылық қызметке лайықты керемет кадрлар көп , Қазалыдан келген екі жүзді алапес деген тамақты коп жеген директорға қаншама халықтың тағдырын тапсыра салу жоғары басшылықта отырған қызметкерлердің ойланатын ісі. Тағы ескеретін нәрсе шағымды кімнің жазғанында емес неге жазылғанында . Тек бәрі әділ шешілетін болсын.Біздің тілегіміз сол ғана.

Жауап:

Арызда айтылған мән-жайларды зерделеу мақсатында аудандық білім бөлімі тарапынан жұмыс тобы құрылып, зерделеу жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде мектептің педагогикалық ұжым мүшелерімен және техникалық қызметкерлермен, мектеп директорының орынбасарларымен арызда көрсетілген мәселелер бойынша талқылау жасалып, түсініктер алынды.

  1. 10.01.2015 жылы зейнет жасына келген тарих пәнінің мұғалімі Ә. Шарапатова келісім шарт негізінде 02.12.2015 жылға дейін  мектепте жұмыс жасап, өзінің өтінішіне сәйкес  жұмыстан босатылған. Ә. Шарапатованың   13 сағат апталық жүктемесі тарих пәні мұғалімдері Г. Төлеповаға 6 сағат,  О. Құлмановқа 4 сағат, А.Әбдісадықовқа  3 сағат уақытша бөлініп берілген.
  2. География пәні мұғалімі А. Елеусізоваға және жас маман                                   А. Қыстаубаевқа берілген сағаттар тарих және география пәні бірлестігі отырысының хатттамасы негізінде қаралып, бөлінген. А. Елеусізова тарапынан сағат бөлінісіне байланысты наразылық болмаған, 2017 жылдың                                      1 қыркүйегінен бастап негізгі сыныптарға сабақ беруде.
  3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Құрманалиева өзінің өтініші негізінде 2016 жылдың 1 маусымынан бастап еңбек демалысына шығып, еңбек демалысы аяқталғаннан кейін сол жылдың 8 тамызынан бастап зейнетке шыққан.   
  4. 14.05.2017 жылы  зейнет жасына келген К. Раховамен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 30 бабы  1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына сәйкес еңбек шарты жасалып (14.05.2017-31.08.2017), география пәнінің мұғалімі, бастауыш сынып бойынша оқу ісінің бұрынғы орынбасары К. Рахова өз өтініші негізінде 31.08.2017 жылы  жұмыстан босатылған.
  5. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі С. Исаеваны ағымдағы жылдың 25 қазан күні үлкен үзіліс кезінде (10 минут) әріптестерінің және шәкірттерінің ұсынысы бойынша туған күнімен құттықтаған.

С. Исаева өзінің өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 30 бабы 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес, белгілі бір жұмыстың орындалу  уақытына жасалған еңбек шартының мерзімі 31.08.2018 жылға дейін ұзартылған.   

6. Өртке қарсы мекеменің талабы бойынша мектеп ғимаратының жоспарына  сай келмейтін екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ жазғы жөндеу кезінде бұзылған.

Қазіргі таңда  мектепте техникалық қызметкерлердің киініп шешінетін орны бар, физика кабинетінің лабораториясында бос орын қарастырылған.

7. Арызда «хатшы қыздардың қалтасына түсіп әдемі ыдыспен шәй ішілетіндігі» айтылған, мектеп директоры Х.Орынбасарова бөлім басшысының атына жазған түсінігінде 18000 теңге қаражатын жұмсап шай ішетін ыдысты өзі сатып алғандығын білдірді.

8. Терроризмге қарсы күрес агенттігінің тапсырмасы бойынша  мектепке камера орнатылды. Талапқа сай  мектепте 10 камера жұмыс жасап тұр.

9. Х. Орынбасарованың жездесі қайтыс болған кезде білім бөлімінің басшысы Б. Дабыловтың Арал қаласында болмай іс сапарда болуына байланысты бөлімнің бас маманы А. Абиеваға жездесінің ауырып жатқандығы ескертілген, ал қайтыс болғаннан кейін аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Дабыловтың босатуымен Қазалы қаласында болған және кезекті еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерін алған.

10. Педагогикалық кеңесте №13 орта мектебінің директоры бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары тағайындағанға дейін бастауыш сынып бірлестігінің жетекшілері Г. Беркімбаева, А. Нұрболатованың орынбасарлық қызметті уақытша  тамыз айында атқарғандығы айтылған.

Зерделеу қорытындысы бойынша мектеп ұжымымен 2017 жылдың 20 желтоқсаны күні жиналыс өткізіліп, арызда көрсетілген мәселелердің негізсіз екендігін ұжым мүшелері өздерінің пікірлерінде білдіріп, мектеп директоры Х. Орынбасарованың  ұжымға басшы болып келген уақыттан бастап мектеп оқушыларының білім сапасын жоғарылатуға, оқу-тәрбие процесінің жаңа мазмұнда жұмыс жасауына бағыт-бағдар беріп, жұмыс жасап жатқандығын  ұжым мүшелері атап өтті

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62