Бүгін: 20 сәуір 2018 жыл, (03:31)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Арал ауданы әкімінің блогы

Сәлеметсізбе Мұхтар Әуесұлы! Мен Үмбетова Гүлбану Арал қаласы Б.Ермағамбетов тұйығы № 8 үйдің тұрғынымын. Сізден өтініп сұраймын мені жұмысқа тұрғызуға көмек беріңізші. Мамандықтарым жоғары "Эколог", "Заңгер". № 14 орыс мектебінде "Программист", Арал аудандық обаға қарсы күресу стансасында "Заңгер", Арал аудандық Әділет басқармасында келісім-шарт бойынша канцелярия бөлімінде жұмыс жасадым. Мен үш жылдан бері жұмысқа тұра алмай жүрмін. Мен былтыр, яғни 2017 жылы 19 қаңтарда Мемлекеттік қызмет туралы тесттен өткенмін, бірақ сертификат мерзімі бір жыл болғандықтан сертификатым жарамай қалды, қайтадан биыл 2018 жылы 19 қаңтарда Мемлекеттік қызмет туралы тесттен, аттестациядан өтіп келдім. Бұл құжаттарымды Арал аудандық әкімшілігінің персоналды кадр бөліміне былтырда, биылда тапсырып койдым. Құрметті Мұхтар Әуесұлы мырза! Сізден сұрайтыным тұрақты жұмысқа тұрғызуға көмектесіңізші. Сізге алдын-ала рахмет!
14 наурыз 2018
Қаралған: 30
Мухимов Абзал Сансызбайұлы, мен, Арал қаласы, Чехов көшесі 10/2 үйінің тұрғыны Қалқабаева Әсел көп балалы анамын. Жұмыссызбын, жұбайымда жұмыссыз. Жұмыс іздеп көп жерді тоздырдым. "Нұр Отан" -ға да бардым, қалалық әкімге де бардым, Жұмыспен қамту орталығына да бардым. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Құдай қаласа 6-шы балам дүниеге келгелі отыр. Жұбайымның атында үй бар, алайда ол үйде бар туған-туыстарымыз тұрады. Сол себепті қазір жалдамалы пәтерде тұрып жүрміз. Үлкен қызым науқас, қазіргі таңда Қызылорда облысындағы ауруханада емделуде.Жұбайым жастайынан жетім қалған, жетімдіктің тауқыметін көп көрген. Өзіміз жас отбасымыз. Тым болмаса жұмыс тауып берсеңіз, сол жұмыста қолымыздан келгенше барынша еңбектенер едік. Балаларымыз өскен сайын қажеттіліктер көбею үстінде. Көп балалы отбасыларға көмек беріледі деп айтып жатыр ғой. Сол көмекті сізден күтемін, соңғы үмітім сізде. Алдын ала рахмет!
14 қаңтар 2016
Қаралған: 746
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62