Бүгін: 20 сәуір 2018 жыл, (03:30)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Арал ауданы әкімінің блогы

20.05.2017
Қаралған: 393
тлеукабылова фарида

Сәлеметсіз бе Мұхтар Әуесұлы! Менің сіңлімнің 5 жасар қызы ДЦП ауруымен науқас. "Ұмай" мүмкіндігі шектеулі балалар бақшасына барады. Анасы да сол мекемеге техперсонал ретінде жұмысқа тұрғысы келген. Бірақ жұмыспен қамту орталығында анасының қызы баратын бала бақшасында жұмыс істей алмайтынын айтты. Қандай заңға жүгініп айтылғанын білмеймін. Тіпті "Әлеуметтік қорғау туралы" заңға жүгінсек, мұндай балалардың жеке күтушісі болу керек.

Жауап:

Сіздің Арал ауданы әкімдігінің сайтына сіңіліңіз Тілекқызы Айсаулеге «Арал ауданы мүгедектер ұйымының» жартылай стационар орталығына жұмыс сұрап жазған өтінішіңізге сәйкес Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі төмендегіше хабарлайды.

Тлекқызы Айсаулемен кездесіп, зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Тлекқызы Айсауле 2017 жылғы 21 сәуір күні «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының 15 бабы 1-2 тармақтарына сәйкес, Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып, түйіндеме тапсыру арқылы жұмыс іздеуші ретінде «тігінші» мамандығы бойынша №8 болып тіркелген. Алайда, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жартылай стациоанар орталығына техникалық қызметкер лауазымы бойынша  жұмысқа орналасқысы келетіндігін айтты.

Қазіргі уақытта орталыққа, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жартылай стационар орталығынан техникалық қызметкер лауазымы бойынша «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңның 28-бабы 2-тармағына сәйкес бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы сұраныстың түспегендігін, сондай-ақ алдағы уақытта бос жұмыс орындарына сұраныс болған жағдайда, заңдылықтарға сәйкес жұмысқа жолдама беру мүмкіндіктері жасалатындығын хабарлаймын. Алдағы уақытта  мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жартылай стационар орталығына логопед және дефектолог мамандықтары керек екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда жоғары (құзырлы) органдарға шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін.

 

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62