Бүгін: 17 шілде 2018 жыл, (03:38)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

Арал ауданы әкімінің блогы

07.04.2017
Қаралған: 478
Талапбаев Талап

Сәлеметсізбе! Менің айтайын дегенім, қаладағы болып жатқан жағымсыз жағдайлар жайлы еді. Сосын бұл жағдайды аудандық прокуратураға да жеткізсеңіздер деген тілегім бар. Қазыр Арал қаласының көшелерінің кейбір тұрғындары өз аулаларын белгіленген жер аумағынан тыс 1,2 метір шығып, қалағанынша кеңейтіп өз еріктерімен қоршап алулары көптеп кездеседі. Ең сорақысы кей пысықтар аулаларындағы құрылысты өзіне белгіленген жер көлеменен тыс салып, сонан соң салынған құрылысты, құйылған ірге тасты бұзбайды, сөйтіп кейін заңдастырып алып жатады. Және мұндай заңсыздыққа саналы түрде барып жатады. Солай заңдастырылған құжаттары қаншалықты заңды? Сол әрекетімен көше сәнін, қаланың келбетін кетірмей ме? Мұндай праваны оларға кім берді? Әлде креслоның, тамыр таныстықтың, параның күшіме? Құрылыс салуға рұқсат беретін әкім қайда қарап отыр? Бас архитектор неге қадағаламайды? Әлде бөліп алып билей беретін заман ба? Бұл жерді басып алушылық емеспа? Кейбір үйлердің ауласы тар оларға жер керек шығыр, бірақ бекітілген қаланың бас жоспарына сай болу керек емеспа? Прокуратура неге заңдылықты қадағаламйды. Бір адам осындай қадамға барған соң, соның түзеулігімен теңестіру үшін адамдар жаппай бассыздыққа барады. Көше тарылады. Сонда көшедегі қызыл, сары сызықтар бойыннан бір түзулікпен салынатын тәртіп қайда? Осырада айта кететін жағдай, Аралдағы Абай көшесі мен Дружба көшесінің бұрышындағы үйдің орнына новый здания салынайын деп жатыр. Обектінің иесі БТИдың бастығы Жаңабай деген кісі дейді. Туған туыстарының атынан салуы да мүмкін. Енді осы здания Абай жағынан да Дружба жағынан да өзіне тиесілі жерден және көшеде қалыптасқан түзуліктің бойынан шығып салайын деп жатыр. Документін заңдастыруда ешкім қой демейді. Дей алмауыда мүмкін. Барлығы өз қолында тұр емеспа. Қаншалықты заңды салайын деп жатқан жері? Талап 06.04.207 жыл

Жауап:

Арал ауданының әкімдігі , Сіздің аудан әкімінің веб-сайтына жазған өтінішіңізде, Арал қаласы бойынша тұрғындардың жер учаскелерін өз бетінше иемдену, заңсыз құрылыстар салу және көше түзулігінен шығып құрылыс салу фактілерінің бар екендігі және де Арал қаласы Абай көшесі мен Достық көшесінің қиылысына Ж.Тынымбаев көше түзулігінен шығып құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырғандығы көрсетілген.

Аудан әкімінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы №9-н/ө өкімінің негізінде Арал ауданы аумағында орналасқан мақсаты бойынша пайдаланбай (игерусіз), нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелерін анықтау мақсатында құрылған жұмыс тобымен 17 факті анықталып, Қызылорда облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы тарапынан шара қабылдау үшін тиісті мәліметтер жолданған.

Ал, Достық көшесінің қиылысынан салынып жатқан құрылысты анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық жер қатынастары бөлімі мен аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне хат жолданып зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде алдағы уақытта қосымша хабарланатындығын білдіремін.

Жоғарыдағы жағдайды баяндай келе, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңіз түсіндіріледі

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62