Бүгін: 21 қазан 2018 жыл, (15:22)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

Арал ауданы әкімінің блогы

11.04.2017
Қаралған: 592
Райхан Илясова

Құрметті Мұхтар ағай, мен Ильясова Райхан сіздің  қоғамдық қабылдауыңызда болып басымдағы мəселемді айтып, жер сұрағанмын. Сіз бос жер табылып жатса беретініңізді айтқансыз. Бос жерлердің көбінің иелері бар. Оңтайлы жер таба алмадым. Ендігі мəселем бұрынғы Байтұрсынов емханасының ғимаратынан тұруға ыңғайлы бөлмелер берсеңіз

Жауап:

Бірінші мәселеңіз бойынша: Қазақстан республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 44 бабының 5-3 тармағында «Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі.», ал 44-1 бабаның 8 тармағында «жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады.» - делінген.

Сіз қазіргі таңда Арал қаласының әкіміне жазған өтінішіңізге сәйкес 28.08.2012 жылғы №384 санды кезектілік тізімінде тіркеуде тұрсыз.

Дегенменде, Сіздің сұрап отырған №1 мөлтек аудан аумағындағы жер учаскесі электрмен жабдықтау желілері тартылып, ауыз су жүйесі толық жабдықталмай отыр.

Сондықтан кезектілік мерзімі келген кезде өтінішіңіз бөліп берілетін алаңдар дайын болуына қарай немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланатын бос аумақтар болған жағдайда қанағаттандырылатынын болады.

Екінші мәселеңіз бойынша: Г.Ишкенов көшесінің бойында орналасқан бұрынғы «Байтұрсынов» емханасының ғимараты ауданның коммуналдық меншігіне алынған. Қаладағы Аралтұз көшесі №36 мекен-жайдағы көппәтерлі тұрғын үй қазіргі таңда апатты жағдайда болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екендігі себепті, тұрғындарға (8 пәтер) аталмыш ғимаратқа көшу жөнінде ұсыныс жасалуда.

Сондықтан, Сізге осы аталмыш ғимараттан баспана беру мүмкін болмай тұрғандығын айта келе, алдағы уақытта мүмкіндігіне қарай бос баспана болған жағдайда өтінішіңіз ескерілетіндігін білдіреміз.

Жоғарыдағы жағдайды баяндай келе, осы берілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 10 бабына сәйкес, құзырлы органдарға жүгінуге құқықтарыңыз барын білдіреміз.

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62