Бүгін: 17 шілде 2018 жыл, (03:40)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

Арал ауданы әкімінің блогы

12.12.2017
Қаралған: 258
Іздібаева Əсем

Құрметті Мұхтар Əуесұлы!Мен Іздібаева Əсем Арал ауданы Аманөткел елді мекенінің тұрғынымын.Отбасында төрт ағайындымыз ,бəрі отбасылы мен үйдің кішісімін.Жанұя жағдайымызда анам екеуміз тұрамыз.Əкем 2006жылы өмірден озған.Осы уақытқа дейін анам бізді жалғыз өзі өсіріп жеткізді.Таңғы 4те тұрып, балық қабылдап ,оны ертемен арбамен арқалап көлікке тиеп,саудагерлерге сатып осылай табыс көзін тауып келді.Əкем өмірден кеткен осы он бір жыл көлемінде осылай нан тауып жеткізді.Біреуге тек жəй əңгіме болар,бырақ бұл анамның шынымен басынан кешірген күйбең тіршілік деп талпынған өмірі.Қазіргі таңда анам 54жаста, зейнетке шығуына əлі ерте.Былтыр 73орта мектепке киім бағушы боп қабылдаған,он жыл жасаған адамды қызметінен босатып,анамды алған биыл кері ішінен қызметкерлер ұсынып 0,5ставка адамды толық етіп,анамды шығарып тастады.Толық жүктеме қылған отбасылардың жанұясында ер азамататтары бар ,асырып отқан.(киім бағушы боп алынған əйелдерге қатысты).Бұл жайттан кейін анама маусымдық 0,5 от жағушы қызметін ұсынды.Ол əрине он жыл арба арқалап өз денсаулығына зиян келтіріп жүрген ,анама оңай болсынба ол жұмыстан бас тартуға мəжбүр болды,себебі денсаулығы шынымен оған жарамайды.Енді сізден өтінеріміз анама зейнетке шыққанша жасайтын тазалықшы болсада(мамандығы жоқ)толық тұрақты жұмыс тауып беруіңізді сұраймын.Барынша Аманөткел елді мекенінен .Мен қыз бала мен жұмыс жасағанмен "қыз қонақ"анама күнкөріс көзі керек сол үшін осыны ескересіз деп сенем.Мен өзім Қызылорда қаласында.."Биология"мамандығымен тəлім алдым.Біріген соң "жастар практикасы"арқылы жасадым.Оның мерзімі аяқталуына байланысты босадым .Қазір менде үйдемін.Барлық мекемеді тіркеуде бармын ,орын жоқ деп шығарып салады.73орта мектепте (Аманөткел)осы сала бойынша зейнетке шыққан ұстаз бар,ол келісімшарт бойыншы мамыр айына дейін жасайды деді маған мектеп директоры,осы себепті маған ол орын босағанша маған Арал ауданынан мамандығыммен немесе мамандығымнан тыс(хатшы,тəлімгер..т.б)жасайтын жұмыс тауып беруіңізді өтінемін..Анамада ,мағанда жанұя жағдайымыз төмен екенін ескеріп (үйімізде 30жыл болған көне ғимарат ,жаңбырда төбемізден су кетеді,отыру мүмкін болмай қалады)тұрақты жұмыс тауып берсеңіз деймін.Осы Арал қаласынан болсада жасауға дайынбыз(егер анамада мағанда)жұмыс табылса .Сіздің жеке қабылдауыңызға кіруге мүмкіндік болмай жатыр,сондықтан өзіңіздің жеке блогіңізге хат жазып отырмын,осы өтінішімді ескеріп,жеке тұлғалық барлық құқымды сараптай отырып,демеу берерсіз деген ойдамын....Арал ауданы,Аманөткел ауылынан Іздібаева Əсем Сағынтайқызы...

Жауап:

 Мектеп директоры А. Алимжанов бөлімге жолдаған 26.12.2017 жылғы  № 579 қатынасында Cіздің мамандығыңызға сәйкес № 73 орта мектебінен жастар практикасы бойынша іс-тәжірибеден өткендігіңізді, қазіргі таңда мектепте зейнет жасына келіп жұмыс жасап жатқан биология пәнінің мұғалімі Қ. Жеткергеновтің келісім-шарт бойынша мектепте жұмыс жасап жатқандығын, келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыстан босатылатындығын көрсетіп, Сіздің есепте тұрғандығыңызды алдағы уақытта мектепке жұмысқа орналастыру мүмкіндігінің қарастырылатындығын білдірген.

Сонымен қатар мектепке тұрақты және маусымдық техникалық қызметкерлерді жұмысқа орналастыру Аманөткел елді мекеніндегі ауылдық әкімшіліктің, Қауымдастық комиссиясының шешімімен ұсынылады.

Білім бөлімі тарапынан алдағы уақытта аудандық білім бөліміне мектеп директорларынан қажетті «Биология пәні мұғалімі» мамандығына сұраныс болған жағдайда  Сізге ұсыныс жасау ескеріледі.

Өтінішіңіз Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының              12 бабына сәйкес қаралғандығын және осы жауаппен келіспеген  жағдайда басқа да құзырлы органдарға жүгінуге құқылы екендігіңізді түсіндіремін 

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62