Бүгін: 27 мамыр 2017 жыл, (04:35)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Кәсіпкерлік сұрақтары бойынша кеңес беру

1.  «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандық жол-2050,бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын орындауға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
 
2.  «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру үшін қандай көмек ала аламын?

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының аясында мемлекеттік қолдау төменде аталғандардан тұрады:
- Жобаларды іске асыру үшін Банктердің/ Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың Қаржылық лизинг шарттары/ несиелері бойынша номиналды  сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
- Жобаларды іске асыруға бағытталған  Банктердің/Даму Банкінің несиелері бойынша  кепілдік беру;
-  Қаржылай емес қолдау бойынша кеңес беру орталықтары арқылы кәсіпкерлерге қызмет көрсету;
- Мемлекеттік гранттарды беру.
 
3.  Ісімді жаңадан бастағалы отырмын. бағдарламаға қатысуға салалық шектеулер бар ма?

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысушылар бола алады.
 
4.  Субсидия дегеніміз не?

Кәсіпкерлік әрекеттің операциясына қатысты, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі ретінде болашақтағы белгілі шарттарды орындаумен айырбастайтын кәсіпкердің банкке төлейтін шығындарын шетінен қайтару үшін пайдаланылатын кәсіпкерді қаржылай қолдаудың мемлекеттік тәртібі. Айталық, сіз, жылына 19%-дық ставкамен несие алдыңыз. Оның 10%-ын мемлекет тегін төлеп береді, қалған 9%-ын өзіңіз төлейсіз. Субсидия дегеніміз осы.
 
5.  Ісін жаңадан бастаған кәсіпкердің несиесі бойынша пайыздық мөлшерлеменің неше пайызы субсидияланады?

Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын несиелер бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың ішінде 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
 
6.  Субсидия мерзімін ұзарту мүмкін бе?

Несие/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
 
7.  Жобаға қатысу үшін міндетті талаптар қандай?

Жобаға қатысу үшін екі міндетті талап бар, яғни:
- жобаға қатысу барысында салық тұрғысынан қарыз болмау керек,
- міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударылымдар бойынша қарыз болмау керек.
 
8.  Субсидияны қалай алуға болады?

1. Ең алдымен, банкке жаңа несие беру жөнінде өтініш түсіру керек, егер сіздің қолыңызда игеріліп жатқан несие бар болса, онда субсидия алу жөніндегі арызыңызды және субсидия беру мақұлданған жағдайда несие бойынша пайыздық ставканы тиісті деңгейге дейін төмендету жөніндегі өтінішіңізді қоса беруіңіз керек. Өтініш формасын «Даму» қорының сайтынан ала аласыз: www.damu.kz
2. ЖКС Банктен хат алғаннан кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне өтініш етеді және қажетті құжаттарды ұсынады.
3. Әкімдік қажет құжаттар мен мәліметтерді толық жинап алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде сіздің жобаңызды Аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді. Кеңес субсидиялау мүмкіндігі (не мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды.  
4. Сіздің жобаңызды аймақтық үйлестіру кеңесі мақұлдап жатса, әкімдік Кеңес шешімін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне (Министрлік) жібереді.
5. Кеңес шешімімен танысқан Министрлік не сіздің жобаңызды бекітеді, не қайтарып береді. Бұл жайында әкімдікті құлақтандырады.
6. Министрліктен жоба бойынша мәлімет алған әкімдік сізді шығарылған шешіммен таныс етеді.
7. Банк сіздің жобаңызды бекіткені жөнінде Министрліктің хатын алған соң, субсидиялау жөнінде үш жақты келісім жасалады, яғни, сіз, «Даму» Қоры және банк үшеуіңіздің араңызда.
8. Әрі қарай сіз субсидияланбайтын пайыздық ставка бойынша банктің сыйақысын өтеуді банкпен арада жасасқан келісім-шартқа сай жүргізе бересіз.
9. Егер сіз қандай да бір себептермен несие бойынша дер уақытында төлем жасауды тоқтатқан болсаңыз, онда субсидия бойынша жасалатын төлемдер де уақытша тоқтатылады, ал әрі қарай мүлдем тоқтатылуы мүмкін.
 
9.  Несие бойынша субсидия төлеу қандай жағдайда тоқтатылады?

Субсидиялау төмендегідей жағдайларда тоқтатылуы мүмкін, егер:
• субсидияланатын несие мақсатсыз жұмсалып жатса;
• кәсіпкер үш ай қатарынан банк алдындағы міндетті өтемдерін төлей алмаса;
• несие мерзімінен бұрын толық өтеліп жатса;
• АҮК «Даму» Қорының және/не әкімдіктің өтінішімен (ескертуімен)тиісті шешім шығарып Министрліктің келісімін алып жатса.
Субсидия төлеу жөнінде Аймақтық үйлестіруші кеңес шешім шығарғанға дейін субсидия төлеуді «Даму» Қоры тоқтата алады.
 
10.  Субсидия алуға қажетті құжаттар тізімі қандай?

Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның оң шешімін алған Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензиясы (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
3) жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам акциялар шығарылымының проспектісін және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен үзіндіні (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған) қосымша ұсынады;
4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
5) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары;
6) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар;
7) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар;
8) Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Кәсіпкерге несие беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе несие/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
 
11.  Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты қай мекемелерден ала аламын?

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы толық ақпаратты келесі мекемелерден ала аласыз:
1.  Арал аудандық кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімі;
Аталмыш мекемелер Арал қаласы, Мектеп көшесі, 35 үй, «Арал қаласы әкімі аппараты» ММ ғимаратында орналасқан.
2. Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ;
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 12.
 
12.  Өңірлік үйлестіру кеңесінде мақұлданған жобалар басқа банктерде қайта қаржыландырылуы мүмкін бе?

Кәсіпкердің субсидиялау құралы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің мақұлдауын алған жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде қайта қаржыландырылуы мүмкін.
 
13.  Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар несиелер субсидиялауға жатады ма?

Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
 
14.  Міндетті салықтар бойынша мемлекет алдында қарыздары бар тұлғалар субсидияға ие бола алады ма?

Салықтар бойынша мемлекет алдында қарыздары, сондай-ақ банктік несиелері бойынша қарыздары бар тұлғаларға субсидия ұсынылмайды.

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62