Бүгін: 18 қараша 2018 жыл, (17:18)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

Даму қоры

Даму-несие. Бизнесті қаржылай қолдау

Как получить займ?

Егер сіз – кәсіпкер болсаңыз, өзіңізге лайық бағдарламаға (толық сипаттамасын қараңыз) қатысатын кез келген банккке жүгініп, өз бизнесіңіз үшін тиімдірек бағдарлама шарттары аясында несие ресімдей аласыз.
1. Кәсіпкер несие алу үшін өтініммен банкке жүгінеді
2. Банк аталған несие бойынша кепілдік алу үшін «Даму» Қорына сұраным береді
3. «Даму» Қоры өтінімді мақұлдап, банкке хабарлайды
4. Банк кәсіпкермен келісімшартқа отырып, қаржыландырады.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау
Субсидиялау – кәсіпкерлік әрекеттің операциясына қатысты, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі ретінде болашақтағы белгілі шарттарды орындаумен айырбастайтын кәсіпкердің банкке төлейтін шығындарын шетінен қайтару үшін пайдаланылатын кәсіпкерді қаржылай қолдаудың мемлекеттік тәртібі.
Субсидия берудің шарттары:
• субсидиялау 12 айдан ерте емес ӨҮК ұйғарым шығаруына берілген тек жаңа несиелерге/лизингтік шарттарға беріледі;
• несиенің/лизингтік мәміленің сомасы - 4,5 млрд. теңгеге дейін;
• субсидиялау мөлшерлері – экономиканың басым секторларындағы жобалар үшін 7%;
моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі салалық шектеусіз жобалар үшін 10%;
өңдеу өнеркәсібіндегі басым салалардың жобалары үшін 10%;
Даму банкінің валюталық/ «теңгелік» несиелері үшін (толық шарттарды төменнен қараңыз) 4% және 5%.
• несиені субсидиялаудың/лизингтік мәміленің мерзімі - 3 жылға дейін (6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен).

Несие қандай мақсаттарға көзделуі тиіс?
• жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыруға;
• айналым қаражатын толықтыруға, бірақ несие сомасынан 30% көп емес;
• негізгі қорды сатып алуға және/немесе жаңалауға және/немесе өндірісті кеңейтуге.

Субсидияны қалай алуға болады?
1. Как получить займ? Кәсіпкер несие/лизинг алу үшін банккке/лизингтік компанияға жүгінеді
2. Как получить займ? Банк/лизингтік компания несие/лизинг беру үшін жобаларға сараптама жасайды
3. Как получить займ? Банктен/лизингтік компаниядан оң шешім алған кәсіпкер несие бойынша құжаттарды әкімдікке (жергілікті/өңірлік бағдарлама үйлестірушісіне) жібереді
4. Как получить займ? Жергілікті/өңірлік үйлестіруші Өңірлік Үйлестіру Кеңесіне (ӨҮК) субсидиялау туралы мәселені қарауға жібереді
5. Как получить займ? ӨҮК оң шешім қабылдап, құжатты банк/лизингтік компания мен «Даму» Қорына жөнелтеді
6. Как получить займ? Банк/лизингтік компания кәсіпкермен және «Даму» Қорымен үш жақты субсидиялау шартын жасайды
7. Как получить займ? Осы шарт негізінде «Даму» Қоры банкке/лизингтік компанияға кәсіпкерді несиелеу/лизингтеу бойынша пайыздық мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін аударады

Гранттар
Қайтарымсыз мемлекеттік грант алу мүмкіндігінен қапы қалмаңыз!
Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы – 3 млн.теңге.
Грантты қандай мақсаттарға алуға болады?
негізгі қор мен материал- дарды сатып алуға; технология сатып алуға; бейматериалдық активтерді сатып алуға; франшиза құқығын сатып алуға.

Грантты беру тәртібі
1. Кәсіпкер мемлекеттік грант алу үшін бір ғана бизнес-жобамен іріктеу байқауына қатыса алады;
2. Кәсіпкерлер өтініші грант беру бойынша ақырғы шешім қабылданатын Өңірлік Үйлестіру Кеңесі (ӨҮК) отырысында талқыға салынады;
3. Грант берілу үшін кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» жобасының курсын тәмамдап, сонымен қатар жобаларды гранттың ұсынылған көлемінен ең кемі 10% өз қаражатымен бірлесіп қаржыландыруы міндетті шарт болып табылады.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 12.  Тел: 8-(724)-255-11-16

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62