Бүгін: 24 маусым 2017 жыл, (19:54)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Ауданның инвестициялық потенциалы

Өңірдің ұзақмерзімді (алдағы 10 жылда) әлеуметтік-экономикалық дамуы 4 басым бағыттағы салалар бойынша қалыптасатын болады:

Бірінші, тау-кен өнеркәсібінің әрі қарай дамуы. Арал ауданының аумағы пайдалы қазбаларға бай. Негізінен ауданда тұз өндіру өнеркәсібі қолға алынған:

«Аралтұз» АҚ - еліміздегі тұз қазу мен оны өңдеу бойынша ең ірі кәсіпорын. 2001-2003 жылдары «Аралтұз» АҚ-ны зауыт тарихында бірінші рет қайта құру жұмыстары атқарылып, өндіріске «тұзды екінші байыту» технологиясы енгізілді. Яғни, тұзды жуу, йодтау, кептіру жұмыстары осы заманғы жаңа технологиямен орындалды. Қазіргі таңда «Аралтұз» АҚ-да 885 қызметкер қызмет атқарады. Жоба аясында 2016 жылы 1,5 млрд теңге инвестиция құйылды. 

Екіншіден, азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірімізге тән агроөнеркәсіп кешенін әрі қарай дамыту.

Бұл бағытта келесідей жоба іске асырылып жатыр:

- «Раннар» ЖШС – ұн өндіру және өңдеумен айналысатын кәсіпорын. Компанияда 40 адам жұмыс істейді. Жоба құны – 300 млн теңге.

Үшіншіден, ауданымызда өндірісті қарқынды дамыту мақсатында аймағымызда 1 индустриялық аймақ бар. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында индустриялық аймақ құру үшін қаланың солтүстік-шығыс бетінен 10 га жер бөлінді. Аталған аймаққа инфрақұрылым жүйелерін жеткізу үшін (Су жүйесі, электрэнергия және автокөлік жолы) 2013 жылдың күз айында жергілікті бюджеттен 4,2 млн теңге қаражат бөлініп, «СКА СтройПроект» ЖШС жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 2014 жылдың сәуір айында инфрақұрылым жүйелерін жеткізу үшін республикалық бюджеттен 191,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 16,6 млн. теңге, барлығы - 208,6 млн. теңге қаржы бөлінген.   Облыстық құрылыс басқармасымен тендер жарияланып, нәтижесінде «Қазалықұрылыс» ЖШС-і жеңімпаз аталып, инфрақұрылым салу жұмыстарын аяқтады.

 Үстіміздегі жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2015 жылғы 04 қарашадағы №563 бұйрығымен «индустриялық аймақты» қамтамасыз ету үшін пайдалануға берілген   электрэнергия желілері, су жүйесі және автокөлік жолы «Қызылорда облысының құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінен «Арал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне табысталды.

Төртіншіден, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің ең ұзын бөлігі облыс аумағынан өтетіндігін ескере отырып болашақта туризм кластерін дамыту.

Бұл бағытта «Қамбаш» көлінің жағалауында демалыс аймағын ұйымдастыру жобасын іске асыру жоспарланған.

 

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62