Бүгін: 13 желтоксан 2017 жыл, (17:24)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

"АРАЛТҰЗ" АҚ

«АРАЛТҰЗ» - еліміздегі тұз қазу мен оны өңдеу бойынша ең ірі кәсіпорын. Мекеме сапалы тауар шығару бойынша көптеген халықаралық және республикалық көрмелер дипломының иегері. 2001-2003 жылдары «Аралтұз» АҚ-ны зауыт тарихында бірінші рет қайта құру жұмыстары атқарылып, өндіріске «тұзды екінші байыту» технологиясы енгізілді. Яғни, тұзды жуу, йодтау, кептіру жұмыстары осы заманғы жаңа технологиямен орындалды деген сөз.

2012 жылдан бастап мекемеге жаңа инвестор келуіне байланысты «Аралтұз» АҚ-да көптеген игілікті жұмыстар басталып кетті. Технологиялық қайта жарықтану өнім сапасына оң әсер етіп, тұзды йодпен , минералдармен байыту халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Қазіргі таңда «Аралтұз» АҚ-да 885 қызметкер қызмет атқаруда. Осы жылдың шілде айында жаңадан тағы бір цех іске қосылады деп жоспарлануда. Яғни тұз қазу, өңдеу жұмыстары көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады. «Аралтұз» АҚ әкімшілігі барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып жұмысшы қызметкердің санын арттыруды көздеп отыр.

Компания Қазақстанның Кедендік Одаққа, ары қарай ЕЭО-ға кіруімен технологиялық базаны түбегейлі қайта жасақтау туралы міндет қабылданды, нақтырақ:

  • Өндірісті альтернативті қуат көзіне ауыстыру;
  • Кәсіпорынның инфрақұрылымын жаңғырту;
  • Еуропалық тасымалдаушылардан қазіргі заманғы технологиялық қатарды орнату;
  • Өнімнің түрлерін кеңейту, «Экстра» класты тұз өндіруден жануарларға қажетті минералды қоспалары бар бриккеттелген тұзға дейін шығару;
  • Халықаралық сапа стандарттарына көшу;
  • Өнімдерді өткізу нарығын ары қарай кеңейту.

Ресми сайты: araltuz.kz

Байланысу үшін: araltuz.kz/kz/contacts

 

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62