29 Желтоқсан 2018
2080

Арал ауданы әкімінің блогы

 

 

Арал ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

Теңіз төскейінен орын тепкен айдынды Арал өңірі – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған тарихи мекен, жыр өлкесі. Киелі топырағында талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерген Арал бүгінде теңізі мен су маржаны, ақ алтыны – ас тұзымен әлемге әйгілі.

 

Аралда негізінен ата кәсіп саналатын балық және мал шаруашылы кеңінен өріс алған. Елбасының тікелей қолдауы мен сындарлы саясатының арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл санап жанданып келеді.

 

Сіздер біздің ресми сайтымызға ену арқылы ауданның барлық тыныс-тіршілігі, мемлекеттік органдардың қызметі, қоғамдық ұйымдардың жұмысы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар жайлы ақпарат ала аласыздар. Сонымен қатар, өтініштеріңізге жедел әрі тиімді жауап беру мақсатында аудан әкімінің блогын халықпен байланыс жасаудың біртұтас нысанына біріктіру жөнінде шешім қабылданды. Осы ретте, аудан әкіміне өздеріңізді толғандырып жүрген сұрақтарды жолдауларыңызға болады.

 

Аудан әкімінің ресми блогы сұрақ-жауап интербелсенді нұсқада жұмыс істейді. Сауалдарыңызды қойып, тілектеріңізді қалдыруға, пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамын!


 

Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың 2016 жылғы 1 қарашадағы №414 өкімімен Арал ауданы әкімі қызметіне Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды. 


Оразбаев Мұхтар Әуесұлы 1971 жылы 10 сәуірде Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын инженер механик мамандығы бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 1997-1999 жылдары «Көл» акционерлік қоғамының бас инженері, 2000-2002 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маманы, 2002-2005 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, 2005-2006 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.  


2006-2012 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы болса, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 2016 жылғы дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. 

 

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.


Пікірлер  

# 830825301056Жұбанышев Айбек Асқарұлы 2019-03-08 11:41
Ассалаумағалейкум, Мұхтар аға


Мен Жұбанышев Айбек Асқарұлы
Арал қаласы Мұратбаев көшесі №62
үйдің тұрғыны

Сізден осы көше тұрғындары атынан, көшеміздегі туындаған бірқатар (төменде көрсетілген) мәселерді шешіп берсеңіз.

Біріншіден көшеміздің орта тұсында көктем және күз мезгілдерінде жиналатын қар суы мен жаңбыр суы жаяу және көлік қатынастарына қиындық келтіреді. Сол су жиналып тұрған тұсын құммен толтырып берсеңіздер.

Екіншіден кешке сабақтан қайтқан оқушы балаларымызға қиын туғызып келе жатқан жарық мәселесі,оның үстіне облысымыздың уақыт деңгейі бір сағат артқа жылжуына байланыста балаларымыз қою қараңғыда қалып қоюда.
Көше иттерінен және де басқа қауіптен (Алла сақтасын) зиян тиема деген қауіп бар. Бір бөренеге (көшенің орта тұсына) жарық орнатып берсеңіздер.

Үшінші айтатын бір уәжіміз, кеңес одағынан қалған көшеміздің орта тұсынан бастап аяғына дейін асфальт жолымыз бар еді. Осыдан бірнеше жыл бұрын жерасты газ жүргізу кезінде, сол асфальт жолымыздан ешетеме қалмады,соның салдарынан жол ойқы-шойқы көлікпен жүру мүмкін емес. Соның кесіренен казір автокөліктер тұрғын үйлерге жақын қозғалуда, жаяу жүргіншілерге және ойын балаларымызға қауіп төндіріп тұр, сол жолды орнына келтіруге болар ма еді (ең болмаса тегістеп берсе).

Сіз себепкер болып ауданымызға көптеген істер жасалып жатыр Алла разы болсын.
Біздің бір өтінішімізді қалыс қалдырмайды деп ойлаймыз...

Жұбанышев Айбек Асқарұлы
08/03/2019
Жауап беру
# ЖауапАрал қаласы әкімі аппараты КММ-сі 2019-03-12 05:56
Арал ауданы әкімдігі, Сіздің 2019 жылдың 26 ақпандағы № ЖТ-Ж-212 санды өтінішіңізге сәйкес төмендегіше білдіреді.

1. Арал қаласы әкімінің аппаратымен көктем мезгілінде еріген қар суының алдын-алу мақсатында қаламыздың санитарлық-тазалық жұмыстарына жауапты мердігер «Арал тынысы» жауапкершілі шектеулі серіктестігімен берілген тапсырмаларға сәйкес, ағымдағы жыл басынан бері қаламыздың көшелерімен, алаңдарынан 805 (сегіз жүз бес) куб метр қар мен 755 (жеті жүз елу бес) куб метр, жаңбыр суы шығарылды. Бұл жұмыстар күнделікті бақылауға алынып күні-түні жұмыс тәртібіне қойылған.
Көшеңіздің су жиналатын орнына құм толтырылған жағдайда, еріген қар және жанбыр сулары сол маңайда орналасқан тұрғын үйлерді су басу қаупі жоғарылауы мүмкін.

2. Қазіргі таңда қала бойынша, Ғ. Мұратбаев көшесінен басқа да қала тұрғындарының жазған өтініштеріне байланысты бірнеше көшелерге түнгі жарық шамдарын орнату күн тәртібіне қойылған. Және сұраныстарға сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

3. Арал қаласының автомобиль жолдарын жақсарту мқсатында 2018 жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бірінші кезекте жөндеуді (салуды) қажет ететін 43 көшенің (оның ішінде – Ғ. Мұратбаев көшесі) орташа жөндеуден өткізу және Тәжі Палуан, М. Сәдібеков көшелерін қайта жаңғырту үшін сметалық құжаттамалары әзірленді. Жыл басында Республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында тиісті салалық министрліктерге қажетті құжаттар тапсырылып, бүгінгі күні нәтижесі күтілуде.
Жоғарыда аталған жобалар қолдау тауып, қаржы мәселесі оң шешімін тауып жатса, бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 12 бабына сәйкес тиісті құзырлы органдарға шағымдануға құқығыңыз бар екендігін білдіремін.
Жауап беру
# Арал қаласы Б. Рыскалов көшесі тұрғынымын. Айжан Мустафа 2019-03-10 05:40
Арал қаласы Б. Рыскалов көшесі тұрғынымын. Сізге осы көше тұрғындары атынан бірнеше мәселе бойынша жазып отырмын.

1.Біздің көшеде жарық жүйесі өте нашар. Кеш батқаннан жарық жақсақ болды дым көринбей калады, тоқ пешке нан салған бойда автомат сөніп қалады. Кешке қарай тоқ аз, үтік қоссақ, пеш косалмай отырамыз. Жарыктың күшін көтеріп беруіңзді сұраймыз.

2. Көше қаланың сырт жағында орналасқандықтан қаңғыбас иттер өте көп. Бір жағынан көше қараңғы. Тан ертең баларымызды сабаққа жіберу үшін трассаға дейін ата аналар апарып жатамыз. Көшеге жарық жүргізіп беруіңізді сұраймыз.

3. Көше теңізге шығатын бетте орналасқандықтан құм, саз тасымалдайтын үлкен жүк көліктері өте көп жүреді, балаларымызды шарбақтан шыгара алмаймыз, одан қалды көктем мен күз мезгілдерінде жүк көлігінің жүріп өткен жолымен өзімдің жеңіл көліктеріміз жүре алмай қатты қиналып жатамыз. Осы жүк көліктерін жүруіне тыйым салуыңызды сұраймыз..
Жауап беру
# ЖауапАрал қаласы әкімі аппараты КММ-сі 2019-03-10 05:43
Арал қаласы,Б. Рысқалов
көшесі № 20 үй тұрғыны
А. Мустафаға


Арал қаласы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сіздің2019 жылғы31 қаңтардағы аудан әкімінің атына жазған өтінішіңізге сәйкес,білдіреді.

1.Кешкі мезгілде тоқ кернеуінің азаюына байланысты көтерген мәселеңіз бойынша.
Бұл сұрақтар қала тұрғындарының басқа көшелерінен көтеріліп жүрген мәселелердің бірі. Себебі, жаңадан үй салушылар санының жыл сайын көбеюі және тұрғындардың тұрмыстық электр бұйымдарды кейінгі кезде көптеп пайдалануы өз кезегінде алды 30-40 жыл бұрын салынған және сол кездегі тұтынушылардың қуатына байланысты есептеліп салынған 10/0,4 кВ қосалқы стансалардың қуаты жетіспеушілігінен туындап отыр.
Бұл мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мақсатында Арал қаласының тұрғын үйлерін электр энергиясымен қамтамасыз ету жобасы бойынша мердігер мекеме тарапынан 2018 жылы қала ішіндегі біршама көшелеріндегі өз еркімен салынған желілерді СИП сымдарына ауыстыру және жаңадан 10/0,4 кВ қосалқы стансалар салу жұмыстарын атқарды.

Осы жұмыстар үстіміздегі жылы да жоспарланып Б. Рысқалов көшесінің ескірген сымдарын СИП сымдарына ауыстырып, жаңадан орнатылған 10/0,4 кВ қосалқы стансаға қосуды мердігер мекеме атқаруды жоспарлануда.

2. Қаңғыбас иттердің көзін жою туралы мәселеңіз бойынша
Жыл сайын аудандық бюджеттен қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жоюға жеткілікті қаржы бөлініп келеді. Ағымдағы жылға 5984,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Жыл басынан бері қаңғыбас ит-мысықтарды жою бағытында аудандық ветеринариялық станциясы жүйелі жұмыстар атқаруда.
7-8 ақпан күндері аталған мекеме қызметкерлері тарапынан Б. Рысқалов көшесі мен оған жақын аумақта жүрген 18 бас қаңғыбас иттер ауланып жойылды. Және де қала көшелерінде бұл жұмыстар күнделікті жүргізілуде.

3. Жүк көліктеріне тыйым салуға байланысты мәселеңіз бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі Қағидалары» ережесінде жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларды (жол белгілерін) орнату кезінде жол жағдайы көлік ағынының тығыздылығы, көлік кептелісінің көлемі, жол-көлік оқиғаларының орын алуы, есептегі апатты-қауіпті аймағының бар болуы т.б. жағдайлар басшылыққа алынуы тиіс делінген.
Осылардың негізінде Арал қаласы, Б. Рысқалов көшесіне қандай да бір тыйым салу белгілерін орнатуға ешқандай негіз жоқ екендігін хабарлайды.
Осыберілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 12 бабы бойынша, құзырлы органдарға жүгінуге құқылы екеніңізді түсіндіремін.


Арал қаласы әкімінің міндетін
уақытша атқарушы Р. Жанаев


"О. Рысқұлов
' 8(724 33) 2-37-05
e-mail: amiraliev.a@bk.ru
Жауап беру
# 770209400081Жаксылыкова Айман Куандыковна 2019-03-26 07:27
Мен Жаксылыкова А.К.Жеке кәсіпкер ретінде

Сізден М Елеуов бұрынғы советская көшесіндегі туындаған бірқатар мәселерді шешіп беруіңізді сұраймын
1 Көше бойындағы мусор төгетін алаңға тоқтау қойсаңыз
2 Жол қатынасын реттеп жол салуға
3 Ең құрғанда 1-2 бөренге жарық салып беруіңізді сұраймын
Осы кемшіліктердің бәрі менің жеке кәсібімге кедергі
келтіруде
Жас кәсіпкердің өтініші жастар жылында қолдау табады деген ойдамын
Жауап беру
# ЖауапАрал қаласы әкімі аппараты КММ-сі 2019-04-12 05:09
Аудан әкімдігі, Сіздің 2019 жылғы 27 наурыздағы аудан әкімдігінің ресми сайтында қалдырған өтінішіңізге сәйкес, келесіні білдіреді.
1. Өтінішіңізде көрсетілгендей М. Елеуов көшесі маңындағы ашық жерге тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталуын болдырмау мәселесіне сәйкес:
2019 жылдың 9 наурызы мен 11 мамыры аралығында аудан елді мекендері
аумақтарының санитарлық жағдайын жақсарту, көркейту және көгалдандыру іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімінің 2019 жылғы 7 наурызда № 20-ө/нқ өкімі бекітіліп, санитарлық тазалық шараларын жүргізуге және де шырайлы шаһарымызды көркейту жұмыстарына, аудан көлеміндегі барлық мекеме қызметкерлері белсене ат салысуда.
Сонымен қатар, «Арал тынысы» ЖШС-нің жұмысшылары, ауа-райының ыстығымен салқынына қарамастан, қала тұрғындарына жағдай жасау мақсатында тынымсыз қызмет атқаруының нәтижесінде, көше бойындағы лас қоқыстарды жинау, тазалау, әкету және де жинақталған суларды тартып, құрғату жұмыстарын жүргізуде.
Осыларға қарамастан, қала тұрғындарының тазалыққа салғырт қарауы, жауапкершіліктің жоқтығы, қала тұрғындарының санитарлық тазалықты сақтау мәдениетінің төмендігінен, жиналған орын ертесіне қайта толып, атқарылған жұмыстарды жоққа шығаруда.
Дегенмен, тазалық жұмыстары аудан әкімінің басты назарында екендігін айта келе, бұл жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетіндігін жеткіземіз.
2. М. Елеуов көшесіне асфальтжол салу мәселесі бойынша:
Арал қаласының автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында 2018 жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 43 көшені (оның ішінде – М. Елеуов көшесін) орташа жөндеуден өткізу, үшін сметалық құжаттамалары әзірленді. Жыл басында республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында тиісті салалық министрліктерге қажетті құжаттар тапсырылып, бүгінгі күні нәтижесі күтілуде.
3. Жарық жүргізу мәселесіне тоқталсақ:
Қала бойынша 200 ден аса көше болса, сол көше тұрғындарының көбісін
толғандыратын осы мәселе яғни, түнгі жарық шамдарын орнатуға көмек жасау.
Қазіргі таңда, қала көшелеріндегі 0,4 кВ әуе желілі ағаш бағаналарының 80 пайызы ескірген. Барлық электр нысандарының меншік иесі - аудандық электр торабы тарапынан, түнгі жарық шамдарын техникалық шарт негізінде тек темірбетон бағаналарына ғана орнату рұқсат етілген.
Осыған сәйкес, алдағы уақытта, заман талабына сай барлық көшелердегі ағаш бағаналар ішінара АЭТ мекемесі тарапынан темірбетон бағаналарына ауыстырылатын болады.
Бұл ретте, жарық шамдары жүргізілмеген қала көшелерінің тізімі жасақталып, осы көшелерді жарықтандыру үшін, жергілікті бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныс енгізілді.
Осы баяндалғандардың негізінде, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес лауазымды адамдарды әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың өтінішін (арыз/шағым) қарау нәтижесі бойынша қабылданған шешімдеріне (актілеріне) келіспеген жағдайда, жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым беруге құқылы екендігіңізді жеткіземіз.
Жауап беру
# 850731401858жаннур 2019-03-26 11:33
сәлеметсізбе Мұхтар Әуезұлы
Мен Арал қаласы
Төле би №47 үй тұрғыны
Байкелова Жаннұрдан

Мен "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша өтініш жазғалы отырмын. Менің күйеуім ипотекалық үйге өтініш беріп, 2013 жылғы 30 наурыздағы "Толқын" газетіне жарияланғанхалықтың әлеуметтік жағынан табысы аз тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімде №28-ші болып жарияланған болатынбыз. Бірақ бармақ басты, көз қысты болды ма әйтеуір жеме-жемге келгенде біздің Арал қаласына пропискага тұрмағанымызды себепке алып біз ипотекалық үйден қалыс қалдық. Бірақ сол жылдары ауылдан қалаға программасымен тізілген едік. Ауылымызда жұмыс жоқ сол себепті бір тіршілік етейік деген мақсатпен қалаға келдік. Жеке кәсіпкерлікпен айналысып отырмын. Бірақ аударып тасып бара жатқан тіршілік жоқ тек күн көрудің қамы. Ешкімге қол жаймай тіршілік етіп жатырған жайымыз бар. Ипотекалық үйден құр қалғаннан кейін жер алуға арыз бергенмін. Бірақ әлі кезегіміз жылжитын түрі жоқ. Қазіргі таңда пәтер жалдап тұрамыз. Пәтер иелері пропискаға тіркемейді. Амал қанша балаларымыз мектепке баратын болғандықтан Анамның үйіне тізімге тұруға мәжбүр болдым. Үкімет тарапынан аз қамтылсақта ешқандай көмек ала алмаймыз. Балаларымның мектебін қайта қайта әр жерге ауыстырмай психологиясына әсер етпейін деп сіздің көмегіңізге жүгінгелі отырмын. үшінші бөпемді родовая травма паралич дюшена эрба диагнозымен босанып әлі сол баланы өз қалтамнан ем алып жүрмін. оны да пенсияға шығара алмай жатырмыз. үкіметтен кең көлемде кредитте ала алмаймыз. жағдайымның мүшкілдігіне орай сізден өтініп сұраймын "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша ипотекалық үй берсеңіз болмаса автобаз мөлтек ауданынан жер берсеңіз. Бұл өтінішімді сіз аяқсыз қалдырмайды деп сенемін.
Жауап беру
# Жауап Арал қаласы әкімі аппараты КММ-сі 2019-04-12 05:12
Сіздің аудан әкімдігінің ресми сайтындағы блокқа келіп түскен өтінішіңізде, өзіңізге әлеуметтік жағынан табысыңыз аз екендігін білдіріп, Арал қаласынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй және Арал қаласынан тұрғын үй салу үшін жер учаскесін табыстау туралы және өтінішіңізді қарап, төмендегіше білдіреді.
«Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіні тарапынан атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегінен басқа көмек түрлері қарастырылмаған.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесін бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдеде №237-ө бұйрығының 2-тарау 10-тармақшасында отбасының жиынтық табысын есептеу кезіңде құрамында бірге тұратын, орта шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі,-делінген.
Осыған орай, бір мекен жайда тұратын отбасындағы барлық мүшелердің жиынтық табысын жинақтап, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін, аудандық жұмыспен қамту орталығына өтініш иесі құжаттарын тапсыруға болатынын және тапсырған жағдайда заңдылыққа сәйкес тағайындалғандығы немесе тағайындалмағаны жөнінде өзіне хабарлама жолданатын болады.
Сонымен қатар, отбасында еңбекке жарамды мүшелерін жұмыспен қамту мақсатында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңының 13-бабына сәйкес, жұмыс іздеуші ретінде тіркеп, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары ұсынылатын болатындығын хабарлайды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алуға өтініш берген үміткерлерге жәрдемдесу көзделуде.
Егерде өтініш иесі жоғарыда көрсетілген бағдарламаның ІІ бағытына қатысуға ниет білдіргісі келсе, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен орталығына төмендегідей құжаттарын ұсынуына болады:
1.Жеке куәлік (көшірмесі);
2.Мекен жай анықтамасы (ХҚКО-нан);
3.Несие тарихы туралы анықтама (ХҚКО-нан);
4.Кәсіпкерлік негіздерін оқығандығы туралы анықтама;
5. Егер кәсіпкер болса, кәсіпкерлік куәлігінің көшірмесі;
6.Егер кәсіпкер болса, салықтан қарызы жоқтығы туралы анықтама;
7.Егер кәсіпкер болса, банктен қарызы жоқтығы туралы анықтама;
Өтініш иесінен осы құжаттар қабылданғаннан кейін, кезектілікке қойылып, құжаттары түгелденген соң, кезектілікпен микроқаржы ұйымдарына немесе несиелік серіктестеріне жолданатын болатындығын хабарлайды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үйлер Арал қаласынан салынып тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға кезең-кезеңімен беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер жалға пайдалануға 5 санат бойынша кезектілікте тұрған барлық тұрғын үйге мұқтаж адамдарға үйлестіріліп, заңдылықтарға сәйкес беріледі. Олар: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерімен қатысушыларына; 2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 3) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне; 4) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына; 5) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі және міндетті түрде тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі делінген.
Алайда, Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 заңының 69 бабының 1 тармағында есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығында тұрғын үй» болмауы тиіс делінген. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй беру кезегіне тіркелуі үшін, Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Арал аудандық бөліміне жолығып, сұратылған тиісті құжаттарды тапсыруы қажет. Егер құжаттары толық әрі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сай болған жағдайда тұрғын үй кезектілігіне тіркеуге алынады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 43 бабының 1-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидасына» сәйкес жер учаскесін табыстау үшін Сіз Арал қаласының әкіміне бекітілген үлгіге сәйкес жазбаша өтініш тапсыруыңыз қажет.
Осыған орай кезектілік мерзімі келген кезде өтінішіңіз бөліп берілетін алаңдар дайын болуына қарай немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланатын бос аумақтар болған жағдайда қанағаттандырылады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес лауазымды адамдарды әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың өтініші (арыз/шағым) қарау нәтижесі бойынша қабылданған шешімдеріне (актілеріне) келіспеген жағдайда жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым беруге құқылы екендігіңізді түсіндіреміз.
Жауап беру

Пікір қалдыру

Security code
Жаңарту