Арал қаласындағы инвестициялық мүмкіншіліктер


 

         Ауданда инвестициялық мүмкіншіліктер мен инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін 2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаланың солтүстік-шығыс бетінен 10 га жер бөлініп, индустриялық аймақ құрылды. Аталған аймаққа инфрақұрылым жүйелері жеткізілді (Су жүйесі, электрэнергия және автокөлік жолы).

 

         Индустриялық аймақта  жалпы құны 169,8 млн. теңге құрайтын   2 жобаға 5 гектар жер телімдері бөлініп, 2016 жылы  Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын салу» жобасы іске қосылса, 2017 жылдың тамыз айында  «Қаптама кірпіш өндіру» жобасы іске қосылды. Сонымен қатар, «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» жобасы бойынша қаржы институттарымен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда индустриялық аймақта бос жатқан 5 гектар жер телімі бар. Инвесторларға және жоба бастамашыларына, өнеркәсіп саласындағы жобаларын іске асыруға индустриялық аймақтан осы бос тұрған жер телімдері ұсынылады.  Аудан әкімдігі және аудандық кәсіпкерлер палатасы іске асырылатын жобаларға кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар шеңберінде құжаттар топтамаларын жинақтауға сүймелдеу жұмыстарын жүргізеді.

 

         Индустриялық аймақтан өндіріске жер телімдерін Өңірлік Үйлестіру Кеңсесіне инвестициялық жоба ұсыну арқылы аукционсыз немесе аукцион негізінде алуға болады. 

There are no articles in this category. If subcategories display on this page, they may have articles.