30 Желтоқсан 2018
2432

Аудан әкімінің орынбасарлары

 

Өтешов Рүстем Баймырзаұлы - 1983 жылы 19 қазанда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

 

2000-2004 жылдары «Әлеуметтік саладағы экономика және менеджменті» мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

 

2004-2006 жылдары Қазақстандық гуманитарлық заң универститетінің юриспруденция бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесіне ие болған.

 

2004 - 2005 жылдары «Ақтөбе облысының коммуналдық меншік басқармасы» ММ-де мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы.

 

2005 - 2006 жылдары «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-де ұйымдастыру жұмысы бөлімінің жетекші және бас маманы.

 

2006 жылдары «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ-де лицензиялау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.

 

2006 - 2007 жылдары «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ-де мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің бас маманы.

 

2007 - 2011 жылдар аралығында «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-де мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің басшысы.

 

2011 - 2012 жылдары «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де бюджет шығыстарын бақылау бөлімінің бас мемлекеттік бақылаушы-тексерушісі.

 

2012 – 2014 жылдары «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де бюджет шығыстарын бақылау бөлімінің басшысы.

 

2014 жылдың 12 қарашасынан бастап осы уақытқа дейін Арал ауданы, әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

 

Отбасылы, 3 бала тәрбиелепотыр.

 

 

Аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешовтың функционалдық міндеттері

 

Аудандық қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік активтер және сатып алу, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің және аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысына жетекшілік етеді.

 

Аудан көлеміндегі қаржы-несие саясаты, сауда және мемлекеттік сатып алу, есеп айырысу тәртібі, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру, салықтар мен басқа да төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету, аудан бюджетінің орындалуы және бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалану, зейнетақыны уақытылы төлеу мәселелері.

 

Аудан бойынша жалақы қарыздарына тұрақты талдау жасап, бақылауда ұстау.

 

Аудан рейтингілік көрсеткіштерінің іске асырылуын бақылау.

 

Тірек ауылдық елді мекендердің кешенді даму мәселелері.

 

Экономикалық реформа, аудан экономикасы қызметінің ағымдағы және болашақ мәселелері, индустриалдық-инновациялық даму, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарына басшылық жасау.

 

Басқаратын салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестіру.

 

Нарықтық қатынастарды енгізу, кіші және орта бизнесті қолдау, шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері.

 

Статистика, қазынашылық, салық басқармалары, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, банктердің, жылжымайтын мүлік, «Барсакелмес» қорығы жұмыстарын үйлестіру.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жәрдемақы мен өтемақылардың уақтылы төленуі, әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде мемлекеттік органдардың жұмыс берушілер бірлестіктерімен және кәсіподақтардың өкілдерімен өзара іс-қимыл мәселелері.

 

Аудан көлемінде ауданның коммуналдық меншігін тиімді және мақсатты пайдалану жөніндегі комиссия, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі, аудан бюджетінің салық салу базасын кеңейту және ұсыныстар дайындау жөніндегі, сауда базарларына (рыноктарына) санат беру жөніндегі, рұқсат беру рәсімдерін қайта қарау және түгендеу жөніндегі жұмысшы комиссиялардың жұмысын басқару. Аудан әкімдігінің мүддесіне қатысты ниет хаттамаларына, меморандумдарға, келісімдерге және басқа жалпы сипаттағы құжаттарға (хаттар, анықтамалар, өтініштерге берілетін жауаптар) қол қою.

 

Өзінің жетекшілік жасайтын бөлімдері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіреді және оларға бақылау жасайды.

 

Сонымен қатар, осы салалар бойынша аудан әкімдігінің жұмысын жоспарлауға қатысты ұсыныстар енгізу, әкімдіктің, аппараттың және селекторлық мәжілістерге ұсынылатын құжаттардың сапалы әзірленуін және мерзімінде берілуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы аясында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасының ауданда жүргізілуін үйлестіру және басшылық жасау.

 

Аудан әкімінің орынбасары Ж. Жұбанов жұмыста болмаған кезде оның қызметін қоса атқарады. 

 


  

Жұбанов Жәнібек Жарасұлы – 1980 жылы 16 ақпанда Арал қаласында дүниеге келген.

 

Білімі жоғары, 2009 жылы "Қызылорда экономика, экология және құқық" академиялық университетін "Қаржыгер" мамандығы бойынша, 

2018 жылы Қызылорда қаласы "Болашақ" университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын, 1999 жылы Семей қаласындағы «Иртыш-1» акционерлік қоғамында оператор қызметінен бастаған.

 

2000-2006 жылдар аралығында Семей қаласындағы «Дюкас» ашық акционерлік қоғамында сату бөлімінің маманы, маркетинг бөлімінің менеджері;

 

2006-2012 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратында инспектор; 


2012-2013 жылдары Арал аудандық қаржы бөлімінде бас маман; 

 


2013-2017 жылдар аралығында Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімшесінің бас маманы, персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.


2017-2018 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары.


2018 жылдың 16 ақпанынан бастап Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.

2019 жылдың 1 қазанынан бастап осы уақытқа дейін Арал ауданы, әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

 

Отбасылы 3 бала тәрбиелеп отыр.

 

 

 

МІНДЕТТЕР БӨЛІНІСІ

 

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және  жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария  бөлімдерінің  қызметтеріне жетекшілік жасау.  

 

Жетекшілік ететін  бағыттардағы инвестициялық саясатты іске асыру. 

 

Жер қойнауын пайдаланушылармен өз жұмысын жасаған кезде Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау заңнамасын және өңірдің мүддесін сақтау бөлігі бойынша олармен өзара  іс-әрекетте болу.  

 

Аудан аумағындағы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, телекоммуникация, күрделі құрылыс, энергетика, көлік, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, табиғи монополия субьектілерінің қызметін реттеу, қоршаған ортаны қорғау комитеті, құқық қорғау органдарымен, аудан көлемінде орналасқан әскери бөлімдерімен және кеден бекетімен бірлесе іс-қимыл жасауды, жол жөндеу мекемелерімен, төтенше жағдайлар бөлімінің  жұмыстарын үйлестіру. 

 

Құрылыс жұмыстарында мемлекеттік стандарттарды сақтау, қысқа дайындық, халықты ауыз сумен, отынмен қамтамасыз ету мекемелерінің, агроөнеркәсіп кешені, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, оның өнімдерін ұқсату мен сатып алу, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, ветеринариялық стансасы, орман шаруашылығы мекемелері, теміржол  жұмыстарын ұйымдастыру.  Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс мәселелері.

  

Басқаратын салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестіру.  

 

Арал қаласының санитарлық тазалығына бақылау жүргізеді. Аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі, аудан көлемінде тұрғын үй азаматтық және коммуналдық мақсаттағы құрылысы біткен объектілерді пайдалануға қабылдау үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясы, жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі, қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесуде жәрдемдескен қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысқан азаматтарды көтермелеу жөніндегі және тұрғын үй бөлу комиссияларын, мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыру  комиссиясын   басқарады. Аудан әкімдігінің мүддесіне қатысты ниет хаттамаларына, меморандумдарға, келісімдерге және басқа жалпы сипаттағы құжаттарға (хаттар, анықтамалар, өтініштерге берілетін жауаптар) қол қою. 

 

Өзінің жетекшілік жасайтын бөлімдері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіреді және оларға бақылау жасайды.  

 

Сонымен қатар, осы салалар бойынша аудан әкімдігінің жұмысын жоспарлауға қатысты ұсыныстар енгізу, әкімдіктің, аппараттың және селекторлық мәжілістерге ұсынылатын құжаттардың сапалы әзірленуін және мерзімінде берілуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы аясында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасының ауданда жүргізілуін үйлестіру және басшылық жасау. 

 

Аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов жұмыста болмаған кезде оның  қызметін қоса атқарады.

 

 


 

Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы – 1983 жылы 12 тамызда Арал ауданы Қарақұм ауылында дүниеге келген.

 

Білімі жоғары, 2005 жылы     «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін заңгер мамандағы бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын 2003-2005 жылдары «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде лаборант болып бастаған.

 

2006-2007 жылдары «Қызылордатеплоэлектроцентр» мекемесінде заңгер кеңесші, 2007-2008 жылдары Арал қаласы әкімі аппаратының  жетекші маманы.

 

 2008-2013 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бас инспекторы.

 

 2013-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыстары бөлімінің басшысы.

 

2016-2017 жылдары аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

 

2017 -2018 жылдары аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.

 

2018 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

 

 

МІНДЕТТЕР БӨЛІНІСІ

 

Аудандық білім, ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт,  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және жастар ресурстық орталығының жұмысына жетекшілік етеді.  

 

Аудандық денсаулық сақтау мекемесі, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, пошта, мұрағат, обаға қарсы күресу стансасы мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді. 

 

Денсаулық сақтау, білім және ғылым, мәдениет және өнер, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс, спорт және денешынықтыру, мемлекеттік тіл саясаты, ұлттық және жастар саясатын жүзеге асыру, отбасы және әйелдер, гендерлік саясат, демографиялық және көші-қон саясаты, балалардың құқығын қорғау, ұлтаралық қатынастарды және әлеуметтік-саяси процестерді зерделеу мен болжау мәселелері. 

 

Ішкі саясатты жүргізу, ұлтаралық келісім және тіл саясаты, атқарушы органдардың өкілді органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, өзге де азаматтық қоғам институттарымен  және діни ұйымдармен өзара іс қимыл мәселелері.  

 

Ауданда Елбасы мен Үкіметтің ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру жөнінде саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жүргізу, әлеуметтік қайшылықтардың алдын алу, тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету, діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын және тарихи Отанына оралған оралмандарды қабылдау мен орналастыруды  үйлестіру. 

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданда іске асырылуын қамтамасыз етеді. 

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы аясында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасының ауданда жүргізілуін үйлестіру және басшылық жасау. 

 

Басқаратын салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестіру.   

 

Аудан әкімі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау», «Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі», «Жұқпалы ауруларға қарсы күрес жөніндегі», «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі», «Арал ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы» үйлестіру комиссияларын, аудандық ономастика жөніндегі жұмысшы тобын,  басқарады. Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының аппаратын басқарады.  

 

Аудан бойынша қоғамдық-саяси ахуалдың, кәмелекетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың жай-күйін күнделікті бақылауда ұстау. 

 

Аудан әкімдігінің мүддесіне қатысты ниет хаттамаларына, меморандумдарға, келісімдерге және басқа жалпы сипаттағы құжаттарға (хаттар, анықтамалар, өтініштерге берілетін жауаптар) қол қою. 

 

Өзінің жетекшілік жасайтын бөлімдері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіреді және оларға бақылау жасайды.  

 

Сонымен қатар, осы салалар бойынша аудан әкімдігінің жұмысын жоспарлауға қатысты ұсыныстар енгізу, әкімдіктің, аппараттың және селекторлық мәжілістерге ұсынылатын құжаттардың сапалы әзірленуін және мерзімінде берілуін қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күресу жұмыстарын үйлестіреді және бақылау жасайды.   

 

Аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешов жұмыста болмаған кезде оның  орнын  алмастырады.