30 Қараша -0001
281

Арал ауданындағы индустриялық аймақ бойынша мәлімет

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында индустриялық аймақ құру үшін қаланың солтүстік-шығыс бетінен 10 га жер бөлінді. Аталған аймаққа инфрақұрылым жүйелерін жеткізу үшін (Су жүйесі, электрэнергия және автокөлік жолы) 2013 жылдың күз айында жергілікті бюджеттен 4,2 млн теңге қаражат бөлініп, «СКА СтройПроект» ЖШС жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 2014 жылдың сәуір айында инфрақұрылым жүйелерін жеткізу үшін республикалық бюджеттен 191,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 16,6 млн. теңге, барлығы - 208,6 млн. теңге қаржы бөлінген.   Облыстық құрылыс басқармасымен тендер жарияланып, нәтижесінде «Қазалықұрылыс» ЖШС-і жеңімпаз аталып, инфрақұрылым салу жұмыстарын аяқтады.

 

2016 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2015 жылғы 04 қарашадағы №563 бұйрығымен «индустриялық аймақты» қамтамасыз ету үшін пайдалануға берілген   электрэнергия желілері, су жүйесі және автокөлік жолы «Қызылорда облысының құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінен «Арал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне табысталды.

 

Индустриялық аймақта  жалпы құны 169,8 млн. теңге құрайтын  2 жобаға 5 гектар жер телімдері бөлінді. 2016 жылы  Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын салу» жобасы іске қосылды, 2017 жылдың тамыз айында  «Қаптама кірпіш өндіру» іске қосылды. Сонымен қатар, «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» жобасы бойынша қаржы институттарымен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда индустриялық аймақта бос жатқан 5 гектар жер телімі бар. Инвесторларға және жоба бастамашыларына, өнеркәсіп саласындағы жобаларын іске асыруға, индустриялық аймақтан осы бос тұрған жер телімдері ұсынылады.