Демалыс орындар


 

КӨКАРАЛ БӨГЕТІ

 

 

КөкаралҮлкен Арал мен Кіші Аралды  бөліп тұрған Қызылорда облысы  Арал ауданында Елбасының тікелей тапсырмасымен салынған, стратегиялық маңызы бар бөгет. 2005 жылы Кіші Арал теңізінің су деңгейін сақтап қалу мақсатында (бұрынғы Көкарал түбегі мен Берг бұғазы аралығында) жасалған. Кезінде түбек болған Көкаралға ұзындығы - 17 км, орташа биіктігі - 4 м, бүйір беткейінің мөлшері - 44,5 м, үстіндегі жолдың ені - 9 м бөгет салынған. Ол секундына - 492 м3 суды Үлкен Аралға еркін жібере алады. Бөгет арқылы Арал теңізінің шығысы мен батысын жалғастыратын төте жол өтеді. Қазіргі таңда 22 балық түрі кездеседі. Су тұщылығы қалыпты. Биосфералық батпақты аймақ. Мемлекеттің қарамағына алынған. Жыл сайын шетел туристерінің көптеп келу орнына айналған.


 

 

АҚЛАҚ СУ ТОСПАСЫ

 

 

Ақлақ тоспасы – Сырдарияның Кіші Арал теңізіне құяр сағасындағы бөгет. Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде Сырдария өзенін қалпында ұстап тұру үшін салынған.

 Ақлақ тоспасы Кіші Арал теңізін сумен толтыру мақсатында салына бастады. 2007 жылы іске қосылды. Тоспаға баратын жолдың ұзындығы -19,5 км, ені - 12 м, биіктігі - 5,5 м, радиусы - 9 м, үш су өткізгіші бар. Жобалық су өткізгіштігі: жазда - 515 м3, қыста - 400 м3, қалыпты жағдайдағы су деңгейі - 53,5 м, табалдырығының           биіктігі - 48,5 м, құдық түбінің тереңдігі - 37,2 м, су жүретін жарманың       ұзындығы - 100 м. Тоспа іске қосылғанда теңіз жағалауындағы құрғақ көлдер мен қолтықтар суға толады.

Қазіргі таңда, көлдер жүйесін қалыптастыру, суландыру, су реттегіштерін орнату, реттеу жұмыстарын атқаруға қол жетті. Сырдария өзенінің арнасы реттелген.

 


 

 

ҚАМБАШ КӨЛІ

 

 

    Арал ауданында Арал теңізі  және Қамбаш көлінің орналасуы аудан көлемінде туризм саласының дамуына зор мүмкіндік береді. Аудан  экономикасын  дамытудың  басты  бір  көзі  болып  табылатын, жалпы көлемі 494 гектар жерді құрайтын «Қамбаш» демалыс аймағын құрылуы. «Қамбаш» демалыс аймағын дамытуға қатысты аудан әкімінің арнайы іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Бұл шаралар туристер үшін көл жағалауына салынатын құрылыстарға инвестиция тарту, демалыс аймағына қажетті инфрақұрылымды жеткізу жолдарын қарастыру, ұйымдастырылатын жұмыстарға қатысты тиісті құжаттарды әзірлеу, туристер санын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, демалыс аймағына келіп тынығушылардың қауіпсіздігін және көл жағалауы мен демалыс аймағының тазалығын қамтамасыз ету т.б.  ауқымды жұмыстарды қамтиды.

 

    2015 жылы аудан әкімдігінің қаулысымен демалыс аймағына берілген 494 гектар жер телімі «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінен Арал ауданы «Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне табысталды. Қазіргі таңда кәсіпкерлер демалыс аймағына бірқатар нысандар салды. Бүгінгі күні көл жағалауында катер, үрлемелі қайық, катамаран, гидроцикл сынды жүзу құрылғылары тынығушыларға қызмет көрсетеді.

 

 

 

    Қамыстыбас көлінің жағасындағы туризм саласын дамыту мақсатында, «Аққұмшық» жағажайына 2 гектар жер телімі аукцион жеңімпазы жеке кәсіпкер Исаев Алдабергенге сенімгерлік басқаруға берілген болатын. 1 гектар жер телімін «Сыр маржаны» жалға алып 2017 жылы жалпы құны – 71 млн. теңге болатын 10 үйдің құрылысын аяқтады.

 

    Көлжағада жалпы 27 кәсіпкер жұмыс жасайды, оның 4-еуі Қазалы ауданының кәсіпкерлері. Суға түсу маусымында жылына 90 мыңға жуық адамдар демалуға келеді.

 

There are no articles in this category. If subcategories display on this page, they may have articles.