05 Сәуiр 2019
61

2019 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

 

 

 

Тұтыну бағаларының индексі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі статистика Комитетінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың ақпан айында республика бойынша инфляция 0,3%-ды (аймақ бойынша – 0,2%) құрады.  Жылдық инфляция 4,8%-ға (аймақ бойынша – 4,5 %) баяулады. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 1,5%-ға (аймақ бойынша – 1,3%), азық-түлік емес тауарларға – 0,3%-ға (аймақ бойынша – 0,3%) қымбаттады, ал, ақылы қызметтерге – 1,3 % (аймақ бойынша – 1,4%) керісінше төмендеді.

 

Банк секторы

2019 жылдың 1-наурызында Қызылорда облысы аумағында 12 екінші деңгейлі банктердің филиалдары, 1 «Қазпошта» АҚ филиалы, 11 микроқаржы ұйымдары, 4 уәкілетті ұйымдар қызмет атқарды.

Айырбас пункттердің жалпы саны 64, оның 42-сі екінші деңгейдегі банк филиалдарының айырбас пункттері, 14 – «Қазпошта» АҚ айырбас пункттері және 8 уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері.

 

Банктегі депозиттер

2019 жылдың 1 наурызы деңгейіне облыстағы депозиттер көлемі 117,9 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,0%-ға артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 23,2 млрд. теңгеге (–17,7%) азайды, ал жеке тұлғалалардың салымдары 6,9%-ға дейін өсіп, 94,7 млрд. теңгеге құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 20,9%-ға өсіп, 87,7 млрд. теңгені құраса, шетел валютасында, керісінше, 31,7%-ға азайып, 30,2 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттер үлесі – 74,4%-ды құрады, өткен кезеңде 62,1% болған.

2019 жылдың ақпан айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері 7,2% (-2,1 ө.к.), ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 1,4% (-0,5 ө.к.) құрады.

 

Банктердің экономикаға несиесі

2019 жылдың 1 наурызы деңгейіне банктердің экономиканы несиелеу көлемі 188,8 млрд. теңгені құрады (2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға өскен).  

Жеке тұлғаларға берілген несиелер көлемі 11,6% – ға артып, 152,9 млрд.теңгені құрады, заңды тұлғалардың несиелері 20,6%-ға, 35,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Қысқа мерзімді несиелердің көлемі 37,3%-ға өсіп, 15,1 млрд.теңгені құрады, ұзақ мерзімді несиелердің көлемі - 11,5%-ға артып, 173,6 млрд. теңгеге дейін өсті.

Кіші кәсіпкерлікке берілген несиелер бойынша нақты қарыз 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға, 26,5 млрд. теңгеге дейін өсіп, жалпы қарыздан үлес салмағы - 14,0%-ды құрады.

2019 жылдың ақпан айында берілген несиелер көлемі 13,9 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,1%-ға артық.

2019 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда банктер халыққа тұтынушылық мақсатында берілген несиелер көлемі 105,0 млрд.теңгеден 114,6 млрд. теңгеге дейін артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға өскен.

2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ипотекалық несиелердің негізгі қарызы 17,7 млрд. теңгеден 18,8 млрд. теңгеге дейін, яғни 6,2%-ға өсті.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 10,3 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы сомадағы берешек қарыздың тек 5,5%-ы (2018 ж. – 5,9%).

2019 жылдың ақпанда берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері 17,5%-ды (2018 жылдың ақпанында – 18,6%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша 13,5%-ды (14,6%) құрады.

 

Қолма-қол шетел валютасының нарығы

2019 жылдың ақпан айында АҚШ долларын сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 6704,6/4036,2 мың USD құрады. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда USD сату көлемі 12,4%-ға өсіп, ал сатып алу көлемі 1,2%-ға төмендеген.

2019 жылдың ақпан айы қорытындысы бойынша USD сату/сатып алудың орташа бағамы 379,79/376,54 теңгені құрады (2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (324,86/321,76 теңге).

Европалық валютаны сату көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,7 %-ға өскен (598,7 мың евроға дейін), сатып алудың жалпы көлемі 1,1%-ға (120,8 мың евроға дейін) азайған. Евроны орташа сату/сатып алу бағамы 432,82/428,69 теңгені (2018 жылдың сәйкес кезеңінде 398,77/394,93 теңге) құрады.

Есепті кезеңде ресей рублін сату көлемі 20,6%, сатып алу көлемі 0,5%-ға азайды (сәйкесінше 40136,5/81658,8 мың рублге дейін). Ресей рублін орташа сату/сатып алу бағамы 5,80/5,68 теңгені құрады.

Қытай юанын сату көлемі 65,3%-ға (13,1 мың юанға дейін), сатып алу көлемі 55,7%-ға азайды (18,6 мың юанға дейін). Қытай юанын орташа сату/сатып алу бағамы 57,64/53,49 теңгені құрады.

 

            Төлем карточкалары

2019 жылдың 1 наурыз деңгейінде Қызылорда облысында төлем карточкаларын ұстаушылар саны 471,7 мың адамды құрап, ал айналымға шығарылған төлем карточкалары 7,0%-ға өсіп, саны 574,4 мың бірлікті құрады.

Облыс бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымы жайлы жалпы көрініс: POS-терминалдар саны 1 896 (+8,1%)  бірлік, банкоматтар 338 (+11,9%) бірлік, банктік киоскілер/төлем терминалдары 569 (+19,3%). Төлем жүргізу үшін карточкамен қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 886 (+1,8%) артты.

2019 жылдың ақпан айында Қызылорда облысы аумағында төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген қолма-қол ақша беру операциялары 703,3 мыңға жетіп, жалпы сомасы 30 972,5 млн. теңгені құрады (тиісінше 15,7%-ға және 8,0%-ға артқан).

Төлем карточкаларын қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2 989,2 млн. теңге сомасына 255,7 мың транзакцияны құрады (тиісінше 64,0% және 64,8% өсті).

 

 

Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:

+7(724) 255 15 22

+7(724) 255 15 23

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.