15 Мамыр 2019
139

ЖЕТЕС БИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ АЯҚ-СУ МӘСЕЛЕСІМЕН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

            «Жетес би ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың  23 қаңтарындағы ҚР заңы 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына және Арал аудандық мәслихатының «Арал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылдың 05 қарашадағы №195 шешіміне сәйкес, жетес би ауылдық округі бойынша көркейту-көгалдандыру және аяқ-су мәселесімен жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілетіндігін хабарлайды. 

          Қоғамдастық жиыны Райым ауылында орналасқан «Райым ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратында, 2019 жылдың 17 мамыр күні,  сағат 10-00-де өтеді.

 

Жетес би ауылдық округі әкімі аппараты