15 Мамыр 2019
15

«АҚИРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КММ-СІ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛЕТІНДІГІН ХАБАРЛАЙДЫ

 

        «Ақирек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 39-3 бабының, 3 тармағына  сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін хабарлайды.

         Өткізілетін орны: Ақирек ауылдық округі, Ақбай ауылы, «Ақирек  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, 2019 жылдың 27 мамыры  күні сағат 10:00 де.

          Талқыланатын мәселелер:

  1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және қаржыны абаттандыру жұмыстарына пайдалану мәселелерін талқылау.
  2. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарының және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің пайдаланылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және жинақтау мақсатында мониторинг жүргізу.
  3. Басқада мәселелер.

Жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық  мүшелерінің қатысуын шақырамыз.