16 Мамыр 2019
50

«ІСКЕРЛІК ОРЫС ТІЛІ» ЖӘНЕ «АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ» КУРСТАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН БІРГЕ ЕРЕСЕК АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ДА ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ.

Құрметті, аудан тұрғындары!

Сіздерге, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің Арал ауданы бойынша оқытушылары оқыту курстары жұмыс атқарып келе жатқанын хабарлай отырып, «Қазтест» жүйесі негізінде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту курсы, «Іскерлік орыс тілі» және «Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту» курстарына мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерімен бірге ересек аудан тұрғындарын да оқуға шақырады. 

 

Біздің орталықтың мақсаты тілге қызығушылық танытқан барша азаматтарға мүмкіндік беру, қолдану аясын кеңейту, әр бір тілдің өзіндік қасиетін түсіндіру, мүмкіндігін дәлелдеу, құрмет көрсету. 
Сондай-ақ, Тұңғыш Елбасымыздың 2017 жылғы 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен әліпбиімізді кириллицадан латын негіздегі жаңа әліпбиге көшірудің жоспары жасалды. Осы тұрғыда біздің орталық та жан-жақты жұмыстарын атқарып келеді. Латын қарпіне дағдыландыру мақсатында әртүрлі семинарлар, түсіндірме жұмыстар, диктанттар мен түрлі акциялар ұйымдастырылуда.

 

Қосымша мәліметтерді 87751690225 (Перизат Елеуліқызы) номеріне хабарласып біле аласыздар. 
Сіздерді де осындай игі істерді бірге атқаруға шақырамыз!

Құрметпен, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ.