21 Маусым 2019
146

БЕЛАРАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, ҚҰЛАНДЫ АУЫЛЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛЕТІНДІГІН ХАБАРЛАЙДЫ.

       «Беларан ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы № 148 Заңы 39-3 бабының 4 тармағына сәйкес, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарының және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің пайдаланылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және жинақтау мақсатында мониторинг жүргізу үшін Беларан ауылдық округі, Құланды ауылында Жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін хабарлайды. 

 

             Өткізілетін орны:

Беларан ауылдық округі, Құланды ауылы, «Беларан ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

2019 жылдың 2  шілде  күні,  сағат 11-00-де өтеді.

 

             Талқыланатын мәселелер:

         Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарының және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің пайдаланылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және жинақтау мақсатында мониторинг жүргізу.

         Жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық  мүшелерінің қатысуын шақырамыз.

        

Беларан ауылдық округінің әкімшілігі