02 Шiлде 2019
36

«АҚҚҰМШЫҚ» - ДЕМАЛУҒА ЖАЙЛЫ ЖАҒАЖАЙ

 

 

    Демалуға тамаша кез жаз айы да басталды. Бұл мезгілде демалыс орындарында немесе өзен-көлдер мен жағажай жағасында уақыт өткізген жақсы. Жағажайда демалып қана коймай, денсаулықты нығайтуға да мүмкіндік бар. Суға шомылудың денсаулығымызға пайдасы мол, әрі аптап ыстықтан саялаудың бір жолы да осы. Суға шомылу адамды сергек қалыпта сақтайды, сонымен бірге, жұмысқа деген қабілетті арттырады. Сондықтан, жыл сайын жаз мергілінде суға шомылушылар саны бір толастамайды.

    Аралдықтардың жазғы демалысын ойдағыдай өткізулеріне биыл жақсы жағдай туды. Айтар болсақ, аудан бойынша 2018-2019 жылғы жазғы суға түсу орны болып Қамыстыбас елді мекеніне қарасты Қамбаш көлінің «Аққұмшық» жағажайы болып белгіленді. Жағажайдың жер көлемі 2,0 гектарды қамтиды. «Арал аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 5 сәуірде жүргізген аукционы бойынша «Аққұмшық» жағажайын 2 жыл мерзімге мердігер «Қамыстыбас» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы Алдаберген Исаев жеңіп алған болатын.

    Демалған да жақсы. Дегенмен, ыстықта суға түсетін жұртшылық қауіп-қатердің де орын алуы мүмкін екендігін есте ұстап, қауіпсіздік шараларына да назар аударғаны абзал. Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтамаса, кез келген адамның жазатайым оқиғаларға тап болуы мүмкін. Сондықтан, «Сақтансаң-сақтаймын» деген қағиданы есте ұстаған жөн.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                               Нұркен НҰРЛЫБЕКҰЛЫ

Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру

дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің маманы.