27 Тамыз 2019
37

АРАЛ АУДАНЫНДА БӨЛЕК ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНДАРЫН ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН АУЫЛ, КӨШЕ КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ САНЫН АЙҚЫНДАУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

 

    «Беларан ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың  23 қаңтарындағы ҚР заңы 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы « Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына және Арал аудандық мәслихатының «Арал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 11 ақпандағы № 289 шешіміне сәйкес, жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді  сайлау мақсатында бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны  өткізіледі.

    Өткізілетін орны: «Құланды ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клуб үйінде, 2019 жылдың  6 қыркүйегі күні,  сағат 11-00

    Талқыланатын мәселелер:

    Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді  сайлау мақсатында өткізіледі. Жиналысқа қатысуға құқығы бар ауыл тұрғындарын бөлек жиналысқа шақырамыз.

 

Беларан ауылдық округінің әкімшілігі