17 Қазан 2019
249

МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ ЖОЙЫЛАДЫ....

 

Мекенжай анықтамасы – ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі болып саналады.Азаматтардан жұмысқа, мектептерге, балабақшаларға, емханаларға, банктерге, жәрдемақы дайындау үшін және тағы басқа жерлерге орналасу кезінде үнемі мекен жай анықтамасы сұратылады.  Тұтынушылар ХҚКО-на жүгінуге мәжбүр болады, кезекте көп уақытын жоғалтады.

            Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында 2019 жылдың 1-ші қарашасынан бастап «Мекенжай анықтамасы» мемлекеттік реестрден мүлдем алынып тасталады. Азаматтардың уақытын үнемдеп және қағазбастылықты азайту мақсатында енді мекенжай анықтамасы сұратылмайды!

            Алдағы уақытта тұрғылықты мекенжай жөніндегі мағлұматты egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile  қосымшасындағы жеке кабинет арқылы тексеруге болады.

            Ал мемлекеттік органдар мекенжай деректерін ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алатын болады.

            Басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл - тек азамат  бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық ХҚКО баспасөз  қызметі