01 Қараша 2019
18

ҚАРАҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, АБАЙ АУЫЛЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛЕТІНДІГІН ХАБАРЛАЙДЫ

«Қарақұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы № 148 Заңы 39-3 бабының       4 тармағына сәйкес, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарының және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің пайдаланылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және жинақтау мақсатында мониторинг жүргізу үшін Қарақұм ауылдық округі, Абай ауылында Жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін хабарлайды. 

 

Өткізілетін орны:

Қарақұм ауылдық округі, Абай ауылы, әкімшілік ғимараты, 2019 жылдың 03 қараша  күні,  сағат 10-00-де өтеді.

 

Талқыланатын мәселелер:

Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарының және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің пайдаланылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және жинақтау мақсатында мониторинг жүргізу.

Жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық  мүшелерінің қатысуын шақырамыз.

           

Қарақұм ауылдық округінің әкімшілігі