25 Қараша 2019
52

«Электронды қызмет күні» және «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты кездесуге шақырамыз

 

Құрметті Арал ауданының тұрғындары!

         Сіздерді 2019 жылғы 30 қараша күні сағ.11.00-13.00 аралығында  аудандық Мәдениет үйінде «Электронды қызмет күні» және «Сапалы қызмет – сапалы өмір»  атты кездесуге  шақырамыз!

 Шаралардың өткізілу мақсаты:

  • мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды үйрету және мобильдік құрылғы арқылы электронды-цифрлық қолтаңба беру;
  • аудандық білім, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ, энергетика, ТКШ және автомобиль жолдары бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша  консультациялық кеңестер беру.

 

 Шараны ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы және аудан әкімдігі.