27 Желтоқсан 2019
33

Арал қаласындағы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 39-3 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне» сәйкес, 2020 жылдың 9 қаңтар күні, сағат 11-00-де, Арал қаласы, Ә. Сатаев көшесі, №12 мекен жайда «Арал аудандық орталық кітапқанасында» жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін хабарлайды.

         Күн тәртібінде: Арал қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы Арал қаласының әкімі Б. Махатовтың  есебі.

 

Арал қаласының әкімі

27.12.2019 жыл