10 Маусым 2020
76

ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ

Табиғи өрттердің шығуның басты себебі ертеден және жақсы белгілі: басым көпшілігі адамдардың әрекеттерімен байланысты. Алаңғасарлық, немқұрайлық және мәдениетсіздік кінәлі. Ойланбай тасталған темекі тұқылы, сөнбей қалған от – осының барлығы орны толмас үлкен қайғыға соқтырады.
Ең басты табиғи өртті ескерту, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ұқыптылық және абайсыздық.
Сондықтан, табиғи өрттің алды-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ержелерді естеріңізге саламыз:
- жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желдi ауа-райында ауылдық елдi мекендер мен саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi;
- желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз;
- елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет;
- өрт пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ержелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасанда әңгіме жүргізіңіз;
- темекі тұқылын және жанып жатқан отты мұқият өшіріңіздер.
Егер Сіз, табиғи, дала өртін немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.
Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Респуликасының заңнамаларына, яғни Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық кодекстеріне сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Арал ауданы әкімі аппаратының
жұмылдыру дайындығы және
аумақтық қорғаныс бөлімі