Тарихи орындар


 

АРЫСТАНБАБ ЗИРАТЫ

 

 

1976 жылы сыртқы жағындағы дуал цементтеліп, оңтүстік-батыс жағынан тұғырдың цементтік табаны құрылды. 2005 жылы мемориалдық мәрмәр тақтасы орнатылды. Сыртқы жағынан цементпен қапталған қабір, өңделмеген тастан салынған тікбұрышты пішіндегі тас дуал болып келеді.  

 

 

ІХ-ХІ ғ.ғ Ақбай елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым.

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

 «Палуан» ШҚ жер иелігі.

 


 

 БЕГІМ АНА МҰНАРАСЫ

 

 

    Жергілікті жұрт Бегім сұлуды кіршіксіз тазалықтың белгісі санайды. Бегім ана Қарабура әулиенің қызы, Салжұқ мемлекетінің ханы Санжар сұлтанның әйелі.

    Ескерткіш ІХ-ХІ ғғ салынған. Қазіргі кезде қайта қалпына келтіру жұмыстарынан өткен. Алғашқы рет бұл ескерткіш ХІХ ғ 50-ші жылдары орыс офицері А.Макшеевтың жазбаларында кездеседі. Ескерткіш жазықтықтың ортасында биіктеу болып келген алаңға орнатылған. Алғашында кесектен жасалған дуалдары, күйдірілген кірпіштен айналдыра қаланған. Мұнара әр қыры 2 метр болатын 8 бұрышты құрылысты құрайды. Жалпы биіктігі 10 метр. 

 

 ІХ-ХІ ғ.ғ. Жаңақұрылыс кеңшарынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырымда орналасқан.

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде.

Кадастр нөмірі 10-147-052-158


 

 БЕКЕТАЙ КЕСЕНЕСІ

 

 

 

    Арал өңірінде дүниеге келген, көзі тірісінде ел жұртының ыстық ықыласына бөленген Бекетай Қатпаұлы. Арғы тегі—Кіші жүздің Әлім аталығы. Ол Жаманақ, Өpic, Әйдарбек, Күлік руынан тарайды. Бекетай бидің туған атасы Жөңке батыр Абылай ханның ұстазы, әйгілі алты биінің бірі болған.

 

    Ескерткіш Сырдария өзенінің оң жақ жағалауының жайпақ үстіртінің орталығында аршылмаған жерлеу қоршаудан және кесенеден тұратын қорымның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүйір жағындағы маңдай беттегі кіре беріс ойығы бар екі камералы ескерткіштер дәстүріне жатады, жоспары жағынан 8,5х10,0 м. болатын тіктөртбұрышты күйдірілген кірпіштен соғылған.

 

ХІХ ғ Аққұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4,9 шақырым
Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

  Аманөткел ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде.

Кадастр нөмірі 10-147-053-354

 


 

БӘСІБЕК САҒАНАТАМЫ

 

 

 

 

    Кесене төрт бұрышты, күмбезсіз Алдынғы қабырғасы партал түрінде жасалынған. Бұрыш-бұрыштары төбесінде кішкене күмбезі бар мұнара түрінде орналасқан. Кірпіштердің қалану үлгісінде ерекшіліктер бар. Кесененің қапталында кіретін есігі бар. Осы өңірге белгілі тарихи тұлға Бәсібекке арнап тұрғызылған. Кесененің ішінде Бәсібектің зираты бар. Кесене фундаментсіз құмның  үстіне тұрғызылған.Шуақбайұлы Бәсібек 1818-1894 жылдарда  өмір сүрген. Алтынбайдың Қарасы, оның лағал аталығынан. Қазақ ұғымындағы тегін емес жандарға ғана белгілі болатын. Ел арасындағы үлкен қариялар мен ұрпақтарының айтуына қарағанда, алды артан пайымдай білетін болжамды көреген адам болған.

 

ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. Аққұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым
Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

  Аманөткел ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде.

Кадастр нөмірі 10-147-053-355

 


 

РЫСҚАЛ КЕСЕНЕСІ

 

 

    Рысқал кесенесі, 1902 ж. Аманөткел ауылынан оңтүстікке қарай   4 шақырымда орналасқан. Ескерткіш дөңгелек - жоспары жағынан екі камералы, сазды ертіндіде аршылмаған кірпіштен тұрғызылған құрылыс. Кесенеге жоспары жағынан тікбұрышты кіреберістің алдындағы бөлме арқылы кіреді және ол батысқа қарай бағытталған.  Жерлеу камерасының ортаңғы бөлігінде жерленген орын орналасқан және ол күмбезбен жабылған.

 

1902 ж. Аманөткел ауылынан оңтүстікке қарай  4 шақырым (N 46°01'08,0'' E 061°44'36,0'')

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.  

Аманөткел ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде.

Кадастр нөмірі 10-147-052-159

 


 

СУ ҚЫСПАҚТЫ МҰНАРА

 

 

    Су қыспақты мұнара, Арал теміржол стансасының ғимараттар кешеніне кіреді. Мұнараның көлемі сегіз қырлы, екі қабатты, бірінші қабаты цементті құм ертіндісінде кептірілген кірпіштен, екінші қабаты ағаш- жалпы биіктігі 12.5 метр.

 

1905 ж. Арал теміржол стансасы (N 46˚48'03,2" E061˚40'23,8")

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Арал қаласы әкімі аппараты теңгерімінде.

Кадастр нөмірі 10-147-006-2382

 


 

 ПҰСЫРМАНБАЙ КЕСЕНЕСІ

 

 

    Кесене ХІХ ғасырда би болған, егіншілікпен айналысқан Пұсырманбайдың құрметіне тұрғызылған. Бүгінгі күнге кесене маңында ол жайындағы деректер кірпіш ескерткіш салынған: рулық тиістілігі (асан), өмір сүрген жылдары (1774-1864 жж) Кесене жоспары жағынан порталды-күмбезді дөңгелек түрінде, Сырдария сағасы ауданындағы құрылыстарға жатады. 

 

 ХІХ ғ. Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстікке қарай  6 шақырым (N 45˚57'39,7" E 061˚19'11,9")

Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде 

Кадастр нөмірі 10-147-052-161

 


 

 

НИЯЗ КЕСЕНЕСІ

 

 

 

    Кесене жоспары жағынан порталды-күмбезді дөңгелек түрінде ерекше сәулет тақырыбына тән мысал болып табылады, олардың порталы екі жағынан шамбал мұнаралармен қоршалған. Кесене тік жайылма жоларнаның шыңында тұр. Шамамен Арал теңізінің жалғалаудағы алабында. Қорым Қосүйтам атауымен белгілі, себебі осы аумақта тағы бір Мамбетбақы кесенесі орналасқан.

 

ХІХ ғ. Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12,8 шақырым (N 45˚ 55' 27,5" E 061˚ 12' 38,4")

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде

Кадастр нөмірі 10-147-052-165 

 


 

МӘМБЕТБАҚЫ КЕСЕНЕСІ

 

 

 

    Мәмбетбақы кесенесі жайылма үсті жоларнасы түрінде батыс жағынан тіке жарып өтетін жайпауыттық қырқаның шыңында орын тепкен, оның бөктеріне дейін, аңыз бойынша Арал теңізі жеткен. Кесене тұрған қорым  Қосүйтам атауымен елге таныс: дәл осы мекенде тағы бір Нияз кесенесі орналасқан. Осы екі құрылыстан өзге, қорымның оңтүстік-батыс бөлігінде онша көп емес құлап тұрған аршылмаған төбелер мен жерлеу қоршаулары бар. 

 

ХІХ ғ. Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай  12,8 шақырым  (N 45˚ 55' 27,5" E 061˚ 12' 38,4") 

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде  

Кадастр нөмірі 10-147-052-164 

 


 

ҚОСАМАН КЕСЕНЕСІ

 

 

    Ескерткіш қыр шыңында орын тепкен. Оңтүстігіне қарай көне заманғы құрылыстың қираған үйінділері байқалады, ал шығысында төбенің бөктерінде құлап жатқан қоршаулардың қалдықтары бар.  Ескерткіш аршылмаған кіріпштен салынған және күйдірілген кірпіштпен қапталған, өңделмеген тастардан жиналған іргетасы бар.   

 

ХІХ ғ. Қосаман ауылынан батысқа қарай  1 шақырым (N 46˚55'44,3" E 060˚33'58,5")

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Қосаман ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде

Кадастр нөмірі 10-147-027-111 

 


 

 ТІЛЕУЛЕС ИШАН МЕШІТІ

 

 

    Мешіт Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Пішін тіктөртбұрышты өлшемі 16,5х22 м, биіктігі 2,5 метр бұрыштарымен дүниенің төрт тарапына бағытталған. Мешіт барлық жағынан кірпіштен әр түрлі фигуралармен безендірілген. Солтүстік шығыс бөлігі мүлдем бұзылып кеткен.

 

1924 ж. Шөмішкөл ауылынан оңтүстік шығыс бағытта 6 шақырым (N 45˚51'48,6" E 061˚42'50,5")

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Бекбауыл ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде.

Кадастр нөмірі 10-147-053-357 

 


 

 

ОРАЗ АҚЫН КЕСЕНЕСІ

 

 

 

    Ораз ақын кесенесі тікбұрышты пішінді аршылмаған кірпіштен тұрғызылған, жоспары жағынан ауқымды өлшемі 10х12, Кесене камера белағаштарының Т-бейнелі орналасқан, тікбұрышты және дөңгелек камераларды біріктірген, екі камералы кесенелердің сәулет тақырыбындағы сирек кездесетін нұсқасы болып табылады.   

 

ХІХ ғ. Шөмішкөл ауылынан шығысқа қарай 4 шақырым  (N 45˚55'18,7" E 061˚44'22,6")

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Райым ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде 

Кадастр нөмірі 10-147-035-199 

 

 


 

ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ

 

 

    Вокзал 1905 жылы Орынбор-Ташкент темір жол құрылысын салу кезінде тұрғызылған.

 

 1904 ж Көнту станциясықала (N 46˚56'15,1" E 061˚27'09,4")

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады. 

  Сексеуіл кенті әкімі аппараты теңгерімінде.

Кадастр нөмірі 10-147-055-\097  

 



 

 МЕДЕТ АТА КЕСЕНЕСІ  

  

 

 

    Медет ата кесенесі төбенің басындағы зираттың ортасында орналасқан. Кесене жоспарында шаршы пішінді құрылыс болып келеді, бұрыштарымен жарық жақтарына бағдарланған, шитті және күйдірілген кірпіштен құрылған. Кесененің қабырғасы шитті кірпіштен жасалған, ал күмбезі күйдірілген кірпіштен жасалған. Қабырғалар сыртынан күйдірілген кірпіштен қапталып, қазіргі кезде олар опырылып түсіп қалған. Күйдірілген кірпіштің үйінділері кесененің солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс жақтарында байқалады.   

 

 

 

ХVІ- ХVІІ ғ.ғ қала құрылысы және сәулет Жамбыл ауылынан

шығысқа қарай 20 шақырым Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Мергенсай ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде

Кадастр нөмірі 10-147-051-309     

 


 

 

БҮКІРЕК БАТЫР КЕСЕНЕСІ

   

 

    Бүкірек батыр кесенесі 2010 жылы орнатылған. Кіші жүздің Шекті руынан шыққан Бүкірек батыр (1682-?) жоңғарларға қарсы ұл-азаттық соғысына қатысушы, Сартай батырдың серіктесі. Тікбұрыш пішінді кесене қоршалған аумақта орналасқан. Кесене өлшемдері 4,4 м, қабырғалар биіктігі 4 м болса, күмбезбен бірге биіктігі 7 м болады.  

 

2010ж, Шижаға елді мекені жыл Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Октябрь ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде

Кадастр нөмірі 10-147-050-1050

 


 

ҰЯБАЙ КЕСЕНЕСІ

 

 

    Кесене айналасындағы жерден жоғарылап тұрған төбенің басында орналасқан. Кесене дәліз бен жерлеу камерасынан тұратын, екі камералы құрылыс болып келеді, күйдірілген кірпіштен жасалған. Кесене қабырғаларының үстіңгі бөлігінде екі қабаттап қыш боқаттар салынды. Жоспарында тікбұрышты кесене ішнара бұзылған доғал күмбезбен жабылды.  

 

1872 ж, Қарақұм өңірінен шығысқа қарай 25 шақырым.

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

   Қарақұм ауылдық округі әкімі аппараты теңгерімінде

Кадастр нөмірі 10-147-050-1049

 

 


 

 

АЙДАРБЕК БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

 

 

Арал қаласы 2015 жылы орнатылған. Айдарбек батыр ХVI-ХVІІ ғасырларда Жоңғар, Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы елінің ұлт-азаттығы жолында күресіп, Арал, Қазалы өңірлерінде өмір сүрген.

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Арал қаласының кіре берісі.

 

 


 

 

 

ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР ЕСКЕРТКІШІ

 

 

Қола ескерткіш орталық стадионның алдындағы алаңның тұғырында орналасқан. Тұғырымен бірге алғандағы ескерткіштің биіктігі 7 м. Тұғырдағы жазу «Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы 1576-1656»

Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы  батыр, қолбасшы. Бұхара мен Бағдатта оқыған. 1640 жылы 30 мыңдық әскерді басқарып қазақ жеріне кірген жоңғар әскерлеріне тойтарыс береді. Кабул мен Мешхед қалаларын бағындырған.

 

 

Арал қаласы орталық стадион алдында.

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

Арал қаласы әкімі аппараты теңгерімінде.

Кадастр нөмірі 10-147-006-2568

 


 

Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған «Тағзым алаңы»

 

 

Ескерткіш 2005 жылы орнатылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Арал ауданынан шақырылған қаза тапқан жауынгерлердің естелігіне салынған.

 

Арал қаласы,орталық алаң.

Қала құрылысы және сәулет ескерткіш қатарына жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

There are no articles in this category. If subcategories display on this page, they may have articles.