21 Желтоқсан 2018
25

АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлының  аудан жастарымен кездесуі өтті.

 

Аудан басшысы алдымен қолөнер бұйымдарының және робототехника көрмесімен танысты.

 

Еркін форматта пікір алмасу ретінде ұйымдастырылған кездесуге аудандық Жастар ресурстық орталығының өкілдері, кент, ауылдық округтердің белсенді жастары,  жас мамандар,  Жас Ұлан ұйымының белсенді мүшелері жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

 

Кездесу аясында аудан әкімі Елбасының қолдауымен жастарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп келетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, жастар саясатын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды.

 

Жиынға қатысушы жастар көкейлерінде  жүрген сауалдарын қойып, аудан басшысымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын  жеткізді.

 

Аудан басшысы жастардың айтқан ұсыныстарын негізге ала отырып, Елбасымыздың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін алған білімдері мен күш-жігерлерін ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді.

 

Кездесу барысында бірқатар белсенді жастар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Аталмыш жиын жанды дауыста айтылған патриоттық әндермен қорытындыланды.