22 Желтоқсан 2018
67

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

 

Аудан әкімінің аппарат басшысы Н. Бохаевтың төрағалығымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау барысы туралы семинар кеңес өткізілді.

 

Жиынға аудандағы дербес бөлім басшылары және қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандар қатысып, Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының қолданылуы, ҚР Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу Қағидасы талаптарының сақталуы туралы мәселесі талқыланды.

 

Сонымен бірге жеке және тұлғалардың өтініштермен жұмыс жасауда орын алған кемшіліктерге талдау жасалып, әдістемелік көмек көрсетілді. Аппарат басшысы Н. Бохаев әрбір келіп түскен өтінішке мұқият болуды,орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмауға нақты шаралар қабылдауды тапсырды және өтініштермен жұмыс жасауға заңға сәйкес бірінші басшылар жауапты болатындығын атап өтті.