26 Желтоқсан 2018
95

АУДАНДЫҚ СОТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

 

Бүгін аудандық соттың жаңа ғимараты ашылды. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев қатысты.

 

Аймақ басшысы өз сөзінде сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы атап өтіп, сот төрелігін жүргізуде табысты жұмыс тіледі.

 

Жаңа ғимарат типтік жобаға сәйкес салынған. Жаңа техникалық құралдармен жабдықталған. Судьялармен сот қызметкерлерінен бөлек, прокурорлар мен адвокаттарға және медиаторларға арналған кабинеттер мен мұрағатқа арналған арнайы орын қарастырылған.

 

Аудандық сот бұрын 1940 жылы салынған ескі ғимаратта орналасқан болатын.