06 Ақпан 2019
49

ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТӘРТІП ПЕН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

 

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің аппарат басшысы Н. Бохаевтың төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардағы орындаушылық тәртіп пен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселесіне қатысты жиналыс өткізілді.

 

Жиынға аудандық дербес бөлімдер мен  қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жауапты мамандары қатысып, 2018 жылдың қорытындысымен жалпы құжат айналым жағдайы, оның ішінде электронды құжат айналымының бірыңғай  жүйесі бағдарламасымен (ЭҚАБЖ) жұмыс жасау тәртібі және  Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының қолданылуы туралы мәселелер талқыланды. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштермен жұмыс жасауда орын алған кемшіліктерге талдау жасалып, әдістемелік көмек көрсетілді.

 

Аппарат басшысы Н. Бохаев ЭҚАБЖ-не қосылған бөлімдер мен ауылдық округтерде бағдарламамен жұмыс жасауды бір жолға қойып жүйелендіруді және әрбір келіп түскен өтінішке мұқият болып, орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмауға нақты шаралар қабылдауды қатаң  тапсырды.