06 Ақпан 2019
35

КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛУДЕ

 

«Қыс және көктем кезеңінде су тасуының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жүргізілетін авариялық – құтқару, басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында ауданда облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде.

 

Оқу – жаттығуда тасқынның, су басудың қаупі мен туындауы кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің, авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының дайындығы, тасқынның, су басудың қаупі мен туындауы кезінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру азаматтық қорғаныстың бейбіт уақытқа арналған жоспарын және эвакуациялау іс-шараларының орындалуы пысықталды.

 

Сондай-ақ, күрделі гидрометеорологиялық көріністердің қаупі мен туындауы кезінде байланыс және хабардар ету жүйесінің жұмысқа дайындығы, төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін құрылған авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының саны, олардың іс-қимыл жасау әзірлігі, материалдық-техникалық ресурстар, азаматтық қорғау қызметтерінің қажетті арнайы техникаларының дайындығы мен инертті материалдарының нақты көлемдері түгенделіп, олардың қауіпті учаскелерге шоғырландырылуы тексерілді.

 

Тексеру барысында Арал ауданы әкімінің аппараты, Арал қаласы мен ауылдық округтер әкімдері, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мүшелері, эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиясы, азаматтық қорғау қызметтерiнің күштері мен құралдары, ұйымдар мен мекемелер, дербес бөлімдер мен кәсiпорындар жұмылдырылды.

 

Саптық қарауға барлығы 134 адам мен 38 техника тартылды.

  

«Арал Сарыбұлақ топты су құбыры» КММ-нің базасында шартты түрде «Жырылған қорғаныс бөгетін қалпына келтіру» тақырыбында имитациялық іс-қимылдармен оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

 

Сонымен қатар, қыс мезгілінің күрделі метео жағдайда «Самара-Шымкент» автожолының 1348 шақырымында қар құрсауында қалған зардап шеккен жолаушы азаматтарды құтқару» тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді.