04 Наурыз 2019
146

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәдениет үйінде ҚР Парламент Сенаты депутаттары Мұрат Бахтиярұлы мен Бекмырза Қайыпұлымен кездесу өтті.

Ауданға арнайы іс сапармен келген Сенат депутаттарының негізгі мақсаты Елбасымыздың Қазақстан халқына «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын жүзеге асыруда туындайтын мақсаттар мен міндеттерді өңірлерде ақпараттық – насихаттау болып табылады.

Жиынды аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы жүргізіп, алдағы жүргізілетін жұмыстардың бағыт-бағдарына тоқталды.

Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов елiмiздi одан әрi дамытуда, бағдарламаны өңірлерде жүзеге асыруда сапалы заңнамалық қамтамасыз етудiң маңызды екенiн атап, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамаларға тоқталып өтті.

Сонымен бірге Мұрат Бақтиярұлы әлеуметтік мәселелерге, ішкі миграция, инфрақұрылым, жастардың жұмыссыздық мәселелері жөнінде пікірін білдірді.

Жиын барысында қатысушылар сөз алып, халық қалаулыларына ұсыныстарын жеткізді.