04 Наурыз 2019
149

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалық етуімен аппарат мәжілісі өткізілді.

Аудан басшысы алдымен орын алған кадрлық өзгеріске тоқталды. Күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

Алдымен мәжілісте аудандық статистика басқармасының басшысы Еламан Сәдібекұлы халық санағын өткізуге дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Одан соң 8-наурыз –Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз-Ұлыстың Ұлы күнін мерекелеу туралы аудан әкімінің орынбасары Бектемір Ұлыбекұлы хабарлама жасады.

Ұлттық цифрлық телехабарды қосу жөнінде атқарылған жұмыстар туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Махмут Маратұлы баян етті.

Күн тәртібінің төртінші мәселесі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амантай Батырқұлұлы баяндаған аудандағы санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізуге арналды.

Аппарат мәжілісі аудандағы азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға байланысты атқарылған шаралар жөніндегі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сәбитжан Меңдібайұлы жасаған баяндамамен қорытындыланды.

Баяндамашылар аталған мәселелер бойынша аудан басшысына өз ұсыныстарын жеткізді.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан басшысы жұмыстың орындалу барысындағы кемшіліктерге тоқталып, бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.