07 Наурыз 2019
173

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген  азаматтардың негізгі жүгінген мәселесі  көп балалы аналардың атаулы көмек алу мәселесі болды. Сонымен қатар, тұрғындар тұрғын үй, жер және әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша жүгінді.

Аудан басшысы барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында қаралатынын түсіндіріп, мекеме басшыларына тұрғындардың мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.