05 Сәуiр 2019
648

ЖАСТЫҚТЫҢ ОТЫ ЖАЛЫНДАП...

 

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Жастар жылы» аясында облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің қолдауымен  жас педагогтар форумы өтті. Жас мамандардың қатысуымен өткен облыстық шара  эстафета түрінде өткізілді.

 

Форум шеңберінде көрме ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің туындылары қойылды.

 

Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бектемір Ұлыбекұлы  бүгінгі форумның ұйымдастырылуы тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеуде, тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктеріңізді арттыруда маңызы зор екендігін айтып, белсенді жас педагогтеге аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

 

Одан соң, Қызылорда облысы білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Гүлнар Бабабекқызы сөз алып, жас педагогтарға Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына танымдық-туристік саяхаттауға жолдама ұсынды.

 

Шара барысында құттықтау сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Нұрқожақызы Қызылорда қаласынан және Шиелі, Жалағаш, Қазалы аудандарынан келген форум делегаттарына Алғыс хат табыстап, сәттілік тіледі.

 

Шара барысында жас педагогтар Жалағаш ауданынан қабылдап алған эстафетаны Қазалы ауданына табыстады.

 

Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жас ұстаздар өз өнерлерін көрсетті.