05 Сәуiр 2019
39

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін ауданымызда 2006-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен спорт шебері  Жанесенов Оңдасын Нақылұлын еске алуға арналған республикалық турнир бастау алды.

 

Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев спортшының жетістіктеріне тоқталып, жарысқа қатысушы жас балуандарға сәттілік тіледі.

 

Одан соң сөз алған Оңдасын Жанесеновтың анасы Марияш Ажмалипова өмір жолына тоқталып, жарысты ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

Жастайынан спортқа бейім болған Ондасын Жанесенов он екі жасынан бастап еркін күреске ден қойған.

 

Орта мектепті ойдағыдай тәмамдап, Жамбыл техникалық университетінің студенті атанған.

 

Студент шағында да спорттан алыстамай, жоғарғы оқу орындары арасында өткен спартакиаданың бірнеше дүркін жеңімпазы атанып, «Спорт шебері» атағына қол жеткізді.

 

Жарысқа 15 салмақ дәрежесі бойынша Алматы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Тараз, Түркістан, Қызылорда облыстарынан келген 300-ден аса жас балуан қатысып, боз кілемде бақтарын сынауда.