08 Сәуiр 2019
193

«ТІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының» тапсырысы бойынша «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығымен жүзеге асырылатын «Үштілділікті насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ ағымдағы жылдың 8-сәуір күні Арал ауданына іс-сапармен келді.

 

Ақпараттық топпен 8-сәуір күні аудандық мәдениет үйінде «Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ мен «Қызылорда облысының тілдерді дамыту орталығы» оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тілдерді меңгеру-заман талабы» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізілді.

 

Семинарға Арал аудандық білім бөлімі қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері  қатыстырылды.

 

Семинар-тренинг барысында қатысушылар тарапынан үштілділікті оқыту бойынша сұрақтар қойылып, пікір бөлісті. 

 

Топ мүшелері мен қатысушылар бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, керемет көңіл-күймен тарасты.  Жалпы, 60-тан аса адам қатысқан шара жоғары деңгейде өтті.