11 Сәуiр 2019
135

КӨРКЕМ СӨЗ ШЕБЕРЛЕРІ БАҚ СЫНАСТЫ

Бүгін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Абай атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің облыстық байқауына аудандық іріктеу өткізілді.

 

Тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру және талантты жастарды табу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 17-29 жас аралығындағы жастар қатысты. Аталмыш сайыста жастар Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай, аталған қаламгерлердің қазақ әдебиетіндегі көрнекті прозалық шығармаларынан және Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына, Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқыды.

 

Байқау нәтижесінде Арал қалалық  А.Гайдар атындағы балалар кітапханасының қызметкері Алдабергенова Шынар Жаңабергенқызы бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.