09 Мамыр 2019
158

ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ДӘСТҮРЛІ ЭСТАФЕТА ӨТТІ

 

    Бүгін   бейбіт заманның тағы бір мерекелі таңын атырған аудан жұртшылығы Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі бойымен Соғыс, Еңбек және спорт ардагері И.Д.Шульга атындағы дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафетаны тамашалады. 

 

    Эстафеталық жарыста жалпы мектеп оқушылары мен мекеме, кәсіпорындар бойынша 200 жуық қатысушыны қамтыған 16 команда сынға түсті.


    Жарыс нәтижесі бойынша 8-9 сынып арасында 1-орынға №262 мектеп-гимназиясы, 2-орынға №64 мектеп, 3-орынға №14 мектеп-лицейінің оқушылары ие болды. 10-11 сыныптар арасында 1-орынға №14 мектеп-лицейі, 2-орын №220 мектептің оқушыларына, 3-орын №262 мектеп-гимназиясы оқушыларының еншісіне бұйырды. Сондай-ақ, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері арасындағы жарыста 1-орынды аудандық өрт сөндіру бөлімі, 2-орынды №83 мектеп ұжымы, 3-орынды Арал көпсалалы колледж қызметкерлері иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.