09 Мамыр 2019
112

ЖЕҢІС ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

    Бүгін аралдықтар Жеңістің 74-ші көктемін Тағзым алаңында қарсы алып, Отан үшін кеудесін оққа тосқан жауынгерлеріміздің рухына бас иіп, ерліктерін еске алды. Дәстүрлі шараға аудан әкімі  Мұхтар Оразбаев қатысты.

 

    Қуанышы мен қайғысы қатар өрбитін шара аясында тағзым алаңына жиналған жұртшылық елі үшін мерт болған боздақтарды  бір минут үнсіздікпен еске алды. Ал, аудандық орталық мешіттің бас имамы Қ.Қабылғазиев болса қайсарлық пен қайтпас рухтың хас үлгісін көрсеткен жауынгерлер рухына   арнап құран бағыштады.

 

    Мұнан соң Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгер жерлестерімізге орнатылған ескерткішке аудан әкімі М.Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Д.Мадинов бастаған зиялы қауым гүл шоқтарын қойды.